Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Баскетбол: Қазақстан Asia Quest Final турниріне қатысады

Баскетбол: Қазақстан Asia Quest Final турниріне қатысады

BAQ.KZ. Мальдив аралдарының Мале қаласында стритболдан Азия құрлығындағы ең маңызды додалардың бірі - халықаралық Asia Quest Final турнирі өтеді. Аталған турнирге Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары қатысады.

3x3 Asia Quest Final – FIBA мақұлдаған жаппай жарыстардан бастап, Subzones Quest Stop жарысына дейінгі барлық шараларды қамтитын интеграцияланған иерархия. Аталмыш турнирдің жеңімпаздары элиталық 3x3 World Tour Masters Jeddah финалына жолдама алады. Asia Quest Final жарысында ерлерден Қазақстан намысын Руслан Айтқали, Андрей Литвиненко, Владимир Курочкин и Аймұрат Саткеев қорғайды.

Ал қыздар арасында өтетін бәсекеге елордалық «Астана Тайгерс» командасы қатысуға мүмкіндік алды. Оның құрамында Надежда Кондракова, Залина Куразова, Тамара Ягодина және Анна Винокурова бар.

Айта кетерлігі, аталған дода ерлер құрамасы үшін 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем кубогы алдындағы дайындық жарысы болмақ. Ол ағымдағы жылдың қазан айында Қытайдың Ланчожу қаласында өтеді.
07 қыркүйек 2019 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (8766)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (8765)

15 ақпан 2020 ж.

№11 (8764)

11 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам