Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Cincinnati Masters: Қазақстандық теннисшілердің нәтижелері

Cincinnati Masters: Қазақстандық теннисшілердің нәтижелері


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 тамызда Мейсонда (АҚШ) теннистен Cincinnati Masters теннис турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстан намысын Зарина Дияс, Михаил Кукушкин, Александр Бублик және Елена Рыбакина қорғайды.  

Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Зарина Дияс жарыстың финалына шықты. Жартылай финалда қазақстандық теннисші ресейлік қарсыласы Анастасия Павлюченкованы 6:1, 7:6 (5) есебімен жеңді.  Келесі матчта Дияс америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Михаил Кукушкин америкалық Джек Сокты жартылай финалда 6:7 (5), 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Финалдық матчта Кукушкин Ресейден келген Андрей Рублевпен кездеседі. 
Александр Бублик бірінші жарыс күнінде Джеффри Джон Вулфке қарсы тұрып, 6:3, 6:3 есебімен жеңілді. Елена Рыбакина жартылай финалда америкалық теннисші Бетани Маттек-Сандстен 3:6, 2:6 есебімен ұтылды. 

Cincinnati Masters (Western & Southern Open демеуші құрметіне) — тамыз айында Мейсонда (Огайо, АҚШ) жергілікті Lindner Family Tennis Center кешенінің хард корттарында өткізілетін кәсіби теннис турнирі. 2009 жылдан бастап ерлер турнирі ATP Masters 1000 сериясына кірді. Жүлде қоры - шамамен 6,3 миллион АҚШ доллары. Жеке сынға 56 теннисші, жұптық сында 24 жұп қатысады. Ал әйелдер арасындағы турнир — WTA Premier 5 сериясына кіреді. Жүлде қоры - шамамен 2,9 миллион доллар. Жеке сынға 56 теннисші, жұптық сында 28 жұп қатысады.
12 тамыз 2019 ж. 760 0