Алматыда триатлоннан Азия Кубогы өтіп жатыр
2019 жылдың 3-4 тамызында Алматы қаласында Сайран көлінде Almaty ASTC Sprint Triathlon Asian Cup - 2019 триатлоннан Азия Кубогының халықаралық кезеңі және "TEMIRADAM" Кубогының VІІІ кезеңі өтуде.
Триатлоннан Азия кубогы біздің қалада екінші рет өтуде. Жарыстың кешегі күнінде 23 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстандық 13 спортшының ішінен, кәсіби жарыстарға Ануар Турубаев, Кирилл Рожков, Абзал Орынбек, Юлия Озерова бақ сынасты.Шараның жоғары халықаралық деңгейде өтуі үшін қала әкімдігі барлық жағдайды қамтамасыз етті. Asian Sprint Triathlon Cup бұл Азияның кәсіби (Elite) триатлоншылар арасындағы континентальді кубогы. 29 субконтинентальді елді біріктіретін жарысты Азиаттық триатлон конфедерациясы ұйымдастырады.
Кубок жеңімпаздарын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтап, барлық қатысушыларға жеңіс тіледі. Әйелдер есебінде алтынды қазақстандық Арина Шульгина иеленсе, ерлер арасында Феликс Дюшамб қанжығасына байлады.
BAQ.KZ