Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАҚСАТЫМЫЗ - АЛҒАШҚЫ ТӨРТТІККЕ ЕНУ". СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

МАҚСАТЫМЫЗ - АЛҒАШҚЫ ТӨРТТІККЕ ЕНУ". СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

Ертең, 15 шілде күні, Венгрия астанасы Будапештте семсерлесуден әлем чемпионаты басталады. Біріншілік нәтижесі бойынша олимпиада лицензиясына берілетін ұпайлар есепке алынады. Сондықтан, дүниежүзілік додада нояндарымыз бар күшін салуға міндетті. Команданың әлемдік сын қарсаңындағы жай-күйімен бас бапкер Алексей Писцов бөлісті.   

Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі: Шпагадан ерлер командасы: Дмитрий Алексанин, Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов; Шпагадан әйелдер командасы: Ульяна Балаганская, Әсел Әлібекова, Владислава Андреева, Шанталь Жансүгірова; Саблядан ерлер командасы: Илья Мокрецов, Нұржан Кәрім, Бақдәулет Құралбекұлы: Саблядан қыздар командас: Тамара Почекутова, Татьяна Приходько, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина. «Баршамыздың алға қойған ортақ міндетіміз бар. Ол – жақсы өнер көрсету. Шпагадан ерлер командасының негізгі мақсаты – үздік төрттікке ену. Жекелей сында да медаль болуы мүмкін. Болжам жасағым келмейді, бірақ, жүлде күтуге болады. 

Әсіресе, Алексаниннің қолынан келуі мүмкін бұл. Шпагашылар командалық бәсекеде де медальдан үмітті. Ал Тамара Почекутова 16 спортшының қатарына енуі тиіс», - деді Писцов. 
14 шілде 2019 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031