Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Жауынгерлік өнер фестивалінің соңғы кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді

Жауынгерлік өнер фестивалінің соңғы кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді

ÐаÑÑнгеÑлÑк Ó©Ð½ÐµÑ ÑеÑÑивалÑнÑÒ£ ÑоңÒÑ ÐºÐµÐ·ÐµÒ£Ñ ÐÒ±Ñ-СұлÑанда Ó©ÑедÑ

Жастар жылы мен Елорда күні мерекесіне орайластырылған жауынгерлік өнер гала-фестивалінің соңғы кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді. Көпшілік көз тігетін шара жаңа Jekpe-Jek сарайында болады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Ашылуына Global Association of international sports federations (GAISF) президенті, доктор Рафаэль Кьюлли қатысады деп күтілуде.

Жауынгерлік өнер фестивалі 7 мамыр күні Шымкент қаласында басталған. Әр демалыс күндері еліміздің әр қаласы мен облыстарында жалғасын тауып, жиналған жұртты қызыққа бөледі. Әр облыс ерекше тұрғыда атап өтті.



Атап айтсақ, Атырауда спорттық мерекені тамашалауға жиналғандар саны көп болып, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Ұйымдастырушылар хабарлағандай, бұл күні спортшылардың өнерін тамашалауға 10 мыңға жуық көрермен келген. Олар 300-ден астам карате, таеквондо, ММА, грэпплинг сияқты спорт түрлерімен айналысатын спортшылардың қабілет-қарымын тамашалаған.

Алматы жауынгерлік өнер фестивалін үшінші болып қабылдады. Жас өрендер бақ сынады. Олардың өнерлерін көрген жұртшылық таңданыстарын жасыра алмады. 



Финалдық кезеңі 6 шілде күні елордада өтеді. Ұйымдастырушылар ерекше өткізу үшін аянбай тер төгуде. Кәсбіи жекпе-жектер, музыкалық қойылымдар, жарық шоулары және өзге де қызықты спорттық бағдарламалар осы күні жұрт назарына ұсынылатын болады.



Фестивальді Кәрім Мәсімов басқаратын Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастырып келеді. 2018 жылдың желтоқсан айында "Қазақстанның ММА бірлескен федерацияларының қауымдастығы" ЗТБ атты жаңа құрылымы қалыптасты. Оған Қазақстанның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы, Аралас жекпе-жек, панкратион мен грэплинг ұлттық федерациясы және NOMAD MMA федерациясы кіреді.

massaget.kz
05 шілде 2019 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (8705)

16 шілде 2019 ж.

№53 (8704)

12 шілде 2019 ж.

№52 (8703)

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам