Экстремалдар-скайдайверлер Көк-Төбе айналасынан ұшып өтті
Алматы, BAQ.KZ. Red Bull Skydive Team әуе акробатика бойынша ең танымал халықаралық командасының атлеттері Көк-Төбе мұнарасының төбесінен ұшып өтті. Бұл қала үстінде жасалған Қазақстандағы алғашқы вингсьют-секіру болды.
Команда Қазақстанға алғаш рет 2017 жылы келді. Сол кезде атлеттер Бэйс-джамп Нұр-Сұлтан аспанынан секірген. Марко Вальтеншпиль, Марко Фюрст және Даниэль Дэ Ла Бланка Алматыға алғаш рет келіп отыр. Экстремалдарды қаладағы ең биік телемұнара Көк-Төбе қызықтырды.
Жобаны дайындау шамамен бір жарым айға созылған. Атлеттер Қазақстанның табиғаты мен қар жамылған тау шыңдарына қызығушылық танытқан.
«Біз Нұр-Сұлтанда бірнеше жыл бұрын болғанбыз, сол кезде әуе спорты үшін елдің жоғары әлеуетін байқадық. Қазақстанға оралу шешімі қабылданды және біздің жоба үшін келесі қала ретінде Алматыны таңдадық. Біз ұшуды орындау үшін бірнеше споттарды қарастырғанбыз. Оның ішінде, Алматы көлі және телемұнара бар. Біз телемұнараны жөн көрдік, өйткені бұл тауларды қоспағанда қаланың ең биік нүктесі екенін анықтадық. Жобамыздың идеясы осылай пайда болды. Ұшу сәтті өтті, ғаламат рахат алдық. Күн сайын телемұнараның антеннасының айналасында және осындай үлкен қала сенің астында орналасатындай, ұшып жүрмейсің. Бұл өте әдемі және керемет!»,- деді Марко Вальтеншпиль.
Ұшулар қаланың барлық жауапты қызметтерінің келісімі бойынша 18 және 20 маусымда өтті. Ан-2 ұшағы атлеттерді Бутаковка шатқалында орналасқан, 4 000 метрге жуық биіктікте белгіленген лақтыру нүктесіне жеткізді. Спортшылардың винг-сьютарда әуеде ұшуы шамамен екі минутты құрады. Атлеттер Көк-Төбе телемұнарасын басып озып, одан 220 м биіктікте небәрі 10м ұшып өтті де, төбеге қонды. Бұл бірегей секіруді іске асыруға және барлық ұйымдастыру мәселелерін шешуге Red Bull Skydive командасына Visit Almaty компаниясы, Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының Туризм басқармасы көмектесті.
Көк-Төбе телевизиялық мұнарасы теңіз деңгейінен әлемдегі ең биік телемұнара болып табылады. Құрылыстың биіктігі 371,5 м, ал теңіз деңгейінен биіктігі 1452 м (Көк-Төбе тауымен бірге) құрайды. Антенналарға арналған діңгектің биіктігі - 114 метр, ал салмағы - 7 000 тонна.
Атлеттер Көк-Төбе маңында ұшуда тоқтап, Үлкен Алматы көлінен екінші рет секірді.
"Бақытымызға орай, ауа райы өте қолайды болды, бұл вингсьют секіру үшін тамаша жағдай. Қызметтер кәсіби жұмыс істеді. Жерге қонғаннан кейін біз Алматыда келесі жобаның идеяларын талқылай бастадық. Әзірге бұл жоспарды құпияда ұстаймыз. Алдағы екі жылда оны жүзеге асырамыз деп үміттенеміз", - дейді Вальтеншпиль.
"Мен Қазақстанда осындай биік таулар мен әсіресе, таулар арасында осындай көлдер бар боларын күтпедім! Мұнда керемет әдемі және біз тауларда секіру үшін қаншама тағы да мүмкіндік бар екенін көрдік. Сондықтан біз қайта оралуды жоспарлап отырмыз", - деді Марко Фюрст.
Red Bull Skydive Team әуе акробаттары командасы 2012 жылдан бастап батыл секірулерімен және өзіндік идеяларымен таң қалдырады. Дәл олар 2015 жылы 4000 м биіктікте ұшып бара жатқан тікұшақтан индонезиялық жанартаудан секірді. 2016 жылы атлеттер бірнеше жүз метр биіктікте парашютке ілінген, әткеншектер тепкен жобаны орындаған болатын. Командалар арасында аэробатика бойынша көптеген рекордтар бар.
Вингсьют - "костюм-қанат" немесе оны "ұшатын тиін" деп те атайды - бұл әуе акробатикаға арналған кәсіби костюм болып табылады, оның құрылымы келетін ауа ағынымен ұшқыштың аяғы, қолы және денесі арасында қанаттарды толтыруға, атлетке жоспарланған ұшу жасауға мүмкіндік береді. Ұшудың көлденең жылдамдығы 250 км/сағ дейін дамиды. Вингсьют-ұшу және акробатика Халықаралық авиация федерациясымен (FAI) 2015 жылы әуе спортының толық құқықты түрі деп танылды.