Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Миллион сөзі қалай пайда болды?

Миллион сөзі қалай пайда болды?


Миллион сөзін ойлап тауып, қолданысқа енгізген – әлемге әйгілі саяxатшы Марко Поло. Ағайынды Николо мен Маффео Поло және Николоның баласы Марко үшеуі Рим папасының арнайы тапсырмасымен Қытайға аттанады. Қазіргідей лезде ұшып бара қоймайды ол кездегі жиһанкездер. 3,5-4 жыл дегенде әрең жетіпті әлгілер қазіргі Бейжіңге. Ал ол кезде ұлан-асыр жерге Шыңғыс xанның немересі Құбылай xан әмірлік етіп отырған. Марко Полоның жасы шамамен жиырмаларда. Жедел жергілікті тілді меңгеріп, мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, 17 жыл бойы xанның қол астында адал қызмет етеді. Ханмен бірге жүріп, бірге тұрып, Қытайдың о шеті мен бұ шетін өз көзімен көріп-білген жиһанкез кейін соның бәрін Италияға қайта оралғанда айтып береді. Қытайдың xаны өте бай, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес демей ме... Жауабына разы болмайды естуші құлақ. "Мильоне!" – дейді сол кезде байлықтың бәрін санмен сөйлеткісі келген ол. ⠀ Милле – итальянша мың деген сөз. Мильоне деп тұрғаны сондағысы мыңның мың есесі екен.

Massaget.kz
08 мамыр 2019 ж. 1 018 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031