Премьер-лигада «Тобыл» бірінші орынға көтерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының 16-турында Талдықорғанда «Жетісу» мен «Тобыл» кездесті.
«Тобылдың» биыл чемпион атануға керемет мүмкіндігі бар. Бәрі әрине өздеріне байланысты. Басты қарсыластары да жиі ұпай жоғалтып жүр. Қазіргі кезде «Тобыл» екінші орындағы «Астанадан» 3 ұпайға озып тұр және елорда клубынан екі ойыны кем. Газзаев шәкірттері бұл жолы Талдықорғанда «Жетісумен» кездесті. Бірінші таймда қонақтар белсенді болды. Голды да соғып үлгерді. Ники Квеквескиридің бұрыштамадан көтерген добын Фернандер Кассай қақпаға сүңгітті.
Үзілістен кейін алаң иелері толықтай шабуылға көшті. Қостанай командасы өз жарты алаңында қорғануға мәжбүр болды. қақпашы Эмиль Балаев шеберлік танытып, бірнеше қауіпті сәттерді қайтара білді. Сөйтіп, командасының маңызды үш ұпай еншілеуіне өз үлесін қосты.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Тобыл» (Қостанай) – 0:1
Гол: Кассай, 32 (0:1).
«Жетісу»: Шабанов, Антипов (Дарабаев,68), Қуантаев, Куклис (к) (Хромцов, 78), Мавутор, Наумов, Оганесян, Сапанов, Степанюк, Тапалов (Жақсылықов, 46), Адамович.
«Тобыл»: Балаев, Бочаров, Валиуллин, Дмитренко, Жарынбетов, Канкава, Кассай, Квеквескири (Семченков, 90+2), Нұрғалиев (к), Тұрысбек (Мирошниченко, 88), Федин (Себаи, 67).
Бас төреші: Болат Сариев (Орал).
Талдықорған. «Жетісу». 3000 көрермен.