Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВАНЫ ҚОЛДАУ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВАНЫ ҚОЛДАУ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ


Қызылорда қаласының «Мұз айдынында» облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен мәнерлеп сырғанаушы, жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаеваны қысқы Олимпиада қарсаңында қолдау шарасы өтті.
«2017 жылдың үздік жас спортшысы» атанған Элизабет Тұрсынбаева Қазақстанның ұлттық құрамасында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиадасында ел намысын қорғайды. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 9-25 ақпан күндері өтеді.

Аймақ басшысы жас спортшыға Олимпиада ойындарында жеңіске жетуін тілектес екенін жеткізді және Сыр спортшыларының жетістіктерін атап өтті.
Қызылорда Облысының Әкімдігі фейзбук парақшасынан
05 ақпан 2018 ж. 1 051 0