Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Волейболдан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері анықталды

Волейболдан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері анықталды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7-15 мамыр аралығында Таразда волейболдан ерлер арасындағы ұлттық лиганың плей-офф кезеңі өтіп, еліміздің 27-ші чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Біріншілік қорытындысы бойынша, алғаш рет «ТНК Қазхром» командасы жеңімпаз атанды.
Ақтөбе облысы Хромтау қаласының командасы өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионатының алтынын иеленіп отыр. 
Күміс жүлде былтырғы жеңімпаз «Атырау» волейбол клубының еншісінде. 
Қола медаль үшін өткен тартысты кездесуде «Маңғыстау» волейбол клубы Солтүстік Қазақстаннан келген «Есіл» командасын жеңіп, алғаш рет ел чемпионатының жүлдегерлері қатарына енді.
15 мамыр 2019 ж. 600 0