Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » табысты толағай

табысты толағай


Тау көтерген Толағай тек ертегіде ғана кездеспейді. Ауылдан шығып, аз уақыттың ішінде талай үздікті басып озып, әлем, Азия чемпионаттарының жүлдегері атанған зілтемірші Асылжан Бектай осы сөзімізге дәлел.Жуырда ауыр атлетикадан жекелеген жаттығулар бойынша ерлер мен әйелдер арасында республикалық жеке командалық кубогы мен чемпионаты өткен болатын. Шымкент қаласында ұйымдастырылған спорттық сында Асылжан Бектай 81 келі салмақта қатысты. Жұлқа көтеруден 151, серпе көтеруден 186 кг, қос сайыс қорытындысымен 337 келі бағындырған шиелілік толағай жүлделі І орынды жеңіп алды. Ең бастысы Асылжан осы жеңсінен соң халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды. Айта кетейік, А.Бектайдың алғаш спортқа қызығушылығын оятқан жаттықтырушысы – Қалдыбай Түкбаев.

«Өскен өңір» ақпарат.
30 наурыз 2019 ж. 1 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930