Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әшімбаев Алашорда туралы. Біз тарихымыздың бұл кезеңін ешқашан естен шығармауымыз керек

Әшімбаев Алашорда туралы. Біз тарихымыздың бұл кезеңін ешқашан естен шығармауымыз керек


Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты.

"Қазақ тарихы үшін желтоқсан айының орны бөлек. Өйткені дәл осы айда азаттықтың ақ таңы атып, ата-бабамызға арман болған тәуелсіздігімізді алдық. Тұңғыш президентімізді сайлап, алғаш рет ешкімнің ықпалынсыз өз таңдауымызды жасаған тарихи оқиға да осы желтоқсан айында болды" - дейді Мәулен Әшімбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осындай айтулы күндермен бірге бұл айда тағы бір елеулі дата бар. Ол – 12 желтоқсан.
"Өйткені бұл күні ұлт болып сақталып, ел болып етек-жеңімізді жинауға үлкен әсер еткен және соның алтын бастауы болған Алаш Орда үкіметі құрылды. Осыдан тура 101 жыл бұрын Әлихан Бөкейханов бастаған бір топ Алаш қайраткерлері жариялаған бұл жаңалық шын мәнінде Ұлы даламыздың өткені мен болашағына тың серпін берген оқиға ретінде хатқа түсті. Сондықтан біз тарихымыздың бұл кезеңін ешқашан естен шығармауымыз керек" - дейді ол.
Өткен жылы Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып, мерейтой еліміз бойынша аталып өтілді.
"Соның аясында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ауқымды жиындар өткізілді. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың мерейтойға орай арнайы төсбелгі шығарып, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен олардың елдік мүдде жолындағы идеясын дәріптеп жүрген азаматтарды марапаттағанын да білеміз. Бүгін аталған төсбелгі біздің де қолымызға тиді. Медальді белгілі ғалым, алаштанушы, ұлт үшін еселі еңбек етіп жүрген атпал азамат, досым Берік Әбдіғалиұлы арнайы келіп, өз қолымен табыс етті. Ол мерекелік медальді тапсырып тұрып, «Нұр Отанның» ұлт руханияты мен құндылығын дәріптеуге және Алаш зиялыларының өмірін зерттеп, Алаш рухы мен идеясын насихаттауға көрсеткен қолдауын ерекше атап өтті" - дейді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар ол бұл медальдің орны ерекше екенін айтады.
"Қазақстан Республикасы Тарихшылар қауымдастығының төрағасы, белгілі ғалым, танымал алаштанушы Мәмбет Қойгелді ағамыздың ұсынысымен Ұлттық Ғылым академиясының атынан тағайындалған бұл медальдің мен үшін құны жоғары. Әрине, кез келген марапаттың адам жанына шуақ сыйлайтыны сөзсіз. Дегенмен, Алаштың атымен аталған дәл осы төсбелгіні алу тек қуаныш емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан алдағы уақытта ұлтымыздың жарқын болашағы үшін басқа да отаншыл азаматтармен бірге нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін" - деді ол.

Baq.kz сайты
13 желтоқсан 2018 ж. 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031