Назарбаев орыс пен қазақ әндерінің ұқсастығын айтты
ҚР Тұңғыш президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік арнаға сұхбат берді. Сұхбат барысында орыс пен қазақ әндерінің ұқсастығын айтты.
Елбасының ресейлік журналист Андрей Кондрашовпен сұхбаты жұма күні экраннан көрсетіледі.
-Сіз Қазақстанның болашағын қалай көресіз? Қазақстанның Азия елдері, әлем елдері арасында орны қандай болады? Біз қайда ұмтылып жатырмыз?, – деді журналист.
Назарбаев бұл сұраққа жауап бермес бұрын болашақ жөнінде абайлап айту керек екенін ескертті. Өйткені біз пайғамбар не құдай емеспіз дегенді еске салды.
“Қазақстанды Орта Азия елдерінен бөліп жаруға болмайды. Ресейден, Қытайдан бөлуге болмайды. Екі елдің дамуына байланысты іс жүреді. Егер “сен өз жеріңді күтіп-баптағанымен, көршіңнің жерінде арамшөп шықса, сенің жеріңде де арамшөп пайда болады” деген сөз бар. Сондықтан өзіміз бірлесіп жұмыс істеп отырған көрші елдің дамуына тілектес болу өте маңызды”, – дейді елбасы.
-Сіз әлі күнге дейін советтік орыс әндерін шырқайсыз ба?
-Сіз ше?
– Иә, мен қазақ пен орыс әндерінің ұқсастығы жөнінде айтайын деп едім.
“Мен екі тәрбиеде өскенмін. Ана тілім – қазақ тілінде және орыс тілінде. Біз советтің кезеңде өмір сүрдік. Бір ел, бір түсінік, бір партия, комсомол, энтузиазм, жастар деген түсінік болды. Ән айттық. Әр түрлі әндер болды. Орыс әндері дала, өзен, кеңістік секілді. Еділ өзені секілді. Егер байқасаңыз қазақ әндері де сондай. Бір америкалық қонақ “Неге қазақ әндерін айқайлап айтады? Микрофон бар емес пе?” деді. Мен айттым: “Біздің даламызды көрдіңіз бе қандай кең. Қазақ сол даламен келе жатып бәріне жету үшін айқайлап айтады” дедім. Сондықтан орыс пен қазақ әндері ұқсас келеді”, – дейді президент.
Stan.kz