Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Қасым ханға арналған телехикая түсірілуі мүмкін

Елімізде Қасым ханға арналған телехикая түсірілуі мүмкін


Сценарийді Түркия тарихынан сыр шертетін «Ертұғрыл» сериалының режиссері мен отандық мамандар әзірлеген деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді ол арнайы комиссияның мақұлдауынан өтуі тиіс. Содан кейін түсірілім жұмыстары басталады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Елбасының мақаласында айқындалған міндеттердің бірсыпырасы осы министрлікке жүктелгені белгілі. Сондықтан сала мамандары, қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері бас қосып, сол міндеттерді жүйелі орындаудың жолдарын талқылады.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
 
- Біз бір аптаның ішінде нақты ұсыныстар беруіміз керек осы тарихи еңбектің аясында. Өздеріңіз білесіздер қазір бұл халықтың көңілінен шығып, керемет ұсыныстар түсіп жатыр. Акедемигіміз Мырзатай Жолдасбеков ағамыз осы салада жұмыс істеп жатқанын. Әрине осының бәрін іске асыру үшін алды мемлекеттік жоспар жасаймыз. Сол жоспардың жан-жақты дамуына жағдайды жасауымыз керек. Қазіргі уақытта біздің режиссерлеріміз ауқымды жұмыс жасап жатыр. Ақан Сатаев Томиристі бітірейін деп жатыр. Сонымен бірге Рүстем Әбдірашев Алмас қылыштың жалғасын түсіріп жатыр. Басқа да режиссерлер ауқымды жұмыс істеп жатыр. Біз халықаралық деңгейге шығу үшін әрине халықаралық деңгейдегі мықты сценарист режиссерлерді шақыруымыз керек.
25 қараша 2018 ж. 994 0