СӘТТІ ӨТКЕН СЕНАТ САЙЛАУЫ
14 қаңтарда республиканың барлық өңірінде Парламент Сенаты депуттарының сайлауы өтті. Онда жанама сайлау құқығы негізінде Мәслихат депутаттары жасырын дауыс берді. Ал Сыр өңірінде мұндай дауыс беру құқығына ие 147 депутат бар. Оның 32-сі облыстық, 22-сі қалалық, қалғаны аудандық мәслихат депутаттары.
ҚР Парламенті – республиканың Заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Сенат депутаттығына облыстан 8 кандидат ұсынылыпты. Оның үшеуі ресми түрде тіркеліп, 14 қаңтар күні сол үштіктен таңдау жасалды. Олар – «ҚазСуШар» РМК филиалының басшысы Жорабек Нұрымбетов, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов және Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов. Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер тiркелген. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген. Нәтижесінде, Руслан Рүстемов 67,4 процент дауыспен лайық деп танылды.

Қоса кеткен жөн, сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5 проценті өзін-өзі ұсынған. Және үміткерлердің 30 процентін әйелдер құраған.
P.S.: Қаншама тарихи кезеңдерден өтіп, қазіргі уақытта орныққан еліміздің сайлау жүйесі тиімді жұмыс істеп тұр. Бүгінде тек жоғары мемлекеттік лауазымдар ғана емес, ауыл әкімдері де халық даусымен сайлана бастады. Мұндай өзгеріс елімізге тек оң әсерін тигізеді деп сенеміз.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ