Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңес төрағасы кеңейтілген үкімет отырысынан қандай ой түйді?

Қоғамдық кеңес төрағасы кеңейтілген үкімет отырысынан қандай ой түйді?

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан азаматтарының табысын арттыру, өңірдегі жұмыссыздық және жұмыспен қамту, елміздің демографиясын арттыру, білім мен ғылымды тың серпінмен дамыту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру туралы өзекті мәселелер инфляцияны тұрақтандыруына байланысты тапсырмалар берді. 

Азаматтардың табысын арттыру және адам капиталын дамыту бойынша жұмыс орындарын ашу жұрттың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететіндігін, экономиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты екендігін айтты. Мемлекет басшысы: «Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жастар шығады. Елімізде өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатыр. 

Бірақ, нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келеді. Кейбір аймақта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары»,- екендігін айтып, жыл аяғына дейін қорытынды шығару керектігін тапсырды.
 Елімізде болып жатқан соңғы жылдардағы зорлық - зомбылық, ұрып - соғу көбейіп кеткенін, мектептеріміз бен бала - бақшалардың қызмет көрсету сапасын арттыруғада байланысты халықтың көкейіндегі жақсы мәселені де қозғады. Өйткені, басты мақсат - балалардың, өскелен ұрпақтардың қауіпсіздігі. Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуде бірлесе жұмыс жасауға біз де өз үлесімізді қосуымыз қажет деп ойлаймын.

Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Бекішов Қабілеш Сейтбекұлы
14 шілде 2022 ж. 2 103 0