Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдік мәселені көтерген ел басшысы

Елдік мәселені көтерген ел басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысында әлемді шарпыған короновирус пандемиясының салдарын жою басты міндет екендігін айтты. Осы орайда жұқпалы індетпен күресу үшін Үкіметке және Әкімдерге нақты шаралар тапсырды. Сондай-ақ ел экономикасын көтеруде айрықша үлесі бар шағын және орта бизнеске қолдау білдіре отырып, өз кәсібін ашам деген халыққа берілетін шағын несиелердің мөлшері 6 проценттен аспауы керектігін айтты.
Президент сатып алу саласындағы отандық өнімдердің үлесін ұлғайту жұмыстарына көңілі толмайтынын, кәсіпкерлер тарапынан салық органдарына шағым көбейгенін айтып үкіметке «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Осылайша пандемия кезінде еліміздің шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекет әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін көрсетті.
Үкімет отырысында келелі мәселелерді көтерген мемлекет басышысы Қ.Тоқаев азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі де басты назарда екендігі, қағаздағы мәлімет пен іс жүзіндегі мәліметтің сәйкес келмейтінін айтып, ел тұрғындарының табысын арттыру жолындағы қабылданған бағдарламаның өз дәрежесінде орындалуын қатаң бақылауда ұстау керектігін тапсырды.
Халық көкейіндегі даулы дүниенің бірі – жер мәселесі. Жер кодексінің жекелеген номарлары бойынша биыл мораторий аяқталуына байланыс­ты, жер комиссиясының жұмысын қайта жандандыру, жер мәселесіне қатысты әрбір ұсыныстың талқыланып, нақты шешім қабылдануына басты назар аудару керектігін тілге тиек етті. Ауыл тұрғындары үшін аса маңызды жайылымдық жерлер, пайдаланылмай жатқан бос жайылымдықтар мәселесі жайлы, су ресустарын сақтау және тиімді пайдалану жөнінде үкіметке нақты тапсырма берді. Сонымен қатар, аналардың өлімін азайту, алдын алу жұмыстарын күшейту, медициналық мекемелерді құрылғылармен жабдықтау, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, қазіргі таңдағы өзекті тақырып – вакцина мәселесі, күштеп ешкімге екпе салынбайтындығын, бірақ вакцина ғана ауыр жағдайдың шешімі екендігін әкімдермен бірлесе отырып, халыққа түсіндіру керектігін де ұмыт қалдырмады.
Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы аталған отырыста еліміздің дамуы жолындағы басқа да өзекті мәселелерді айтып, сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті мен аймақ әкімдері халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін барлық күш-жігерін салып, жұмыс жасайтындығына сенімдімін.

Бекжан Бәкір,
№270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі директорының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары

09 ақпан 2021 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930