ӨЗГЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ БАСТАМАҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
«AMANAT» партиясы жанындағы референдумды қолдауға арналған республикалық қоғамдық штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских Жаңақорған ауданындағы сапары барысында өзге ұлт өкілдерімен кездесіп, референдумға байланысты ой пікірлерімен бөлісті.
Жиында референдумға қатысты тың ойлар айтылып, депутат Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.
Конституция кез келген мемлекеттің іргетасы. Қазіргі қоғамда өзгерістер үлкен сұранысқа ие. Референдум өтетін күнге дейін аз ғана уақыт қалды. Әрбір азамат ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруға қатысып, үлесін қосуға мүмкіндік туды. Сіздерді референдумға белсене қатысады деп ойлаймын», - деді Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.