Әдептілік - мемлекеттік қызметтің ұстанымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқаннан бері мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, олардың әдептілігі маңызды, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңдардағы Парламент мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипат алып, клиентке бағдарлану үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңдардағы Парламент мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипат алып, клиентке бағдарлану үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өтті.
Мемлекеттік басқаруды жаңаша ұйымдастыру - Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы басты фактор.
Осыған байланысты қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттырып, халықпен кері байланысты жақсарту, адамға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру бағытында ағымдағы жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің №814 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
Бұл Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Кодекстің жаңа редакциясында «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізіліп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа, яғни адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану деген қағидаттарға негізделген.
Сонымен қатар, жаңа Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары мен мемлекеттік қвзметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары бекітіліп, оны насихаттау мен бұзушылықтардың профилактикасында Әдеп жөніндегі кеңестің және Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлінің маңыздылығы артты.
Өткен жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің12 отырысы өткізіліп, 61 мәселе күн тәртібіне шығарылды. Қаралған мәселелердің 19-ы тәртіптік іс болса, 42-сі мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасына бағытталды.
Кеңесте қаралған тәртіптік істер нәтижесімен 10 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған 10 мемлекеттік қызметшінің 5-уі Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 5 мемлекеттік қызметшінің 3-не қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, 2-не атқаратын қызметінен босату түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Тәртіптік жазаға тартылғандар арасында 1 облыстық департамент басшысының орынбасары, 6 кент және ауыл округ әкімдері, 2 аудандық дербес бөлім басшысы, 1 бас маман бар.
Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына түскен тәртіптік істер мен шалыс басып тәртіптік шара көрілген қызметкерлердің де саны 2020 жылмен салыстырғанда едәуір азайып отыр. 2020 жылыкеңесте 43 тәртіптік іс қаралып, 31 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған болатын.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жүргізілген кешенді профилактикалық шаралар нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған тәртіптік істердің саны 2020 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге, тәртіптік жазаға тартылғандардың саны 3 есегедейін азаюына септігін тигізді.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші, ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармай, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін қамтамасыз етуге, қызмет барысында әдептілік нормаларын қатаң сақтауды, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырамауды, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеу керектігін назардан шығармауы тиіс.
Берікбол БАЙХОЖАЕВ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Қызылорда облысы бойыншадепартаменті басшысының орынбасары