Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, және кәсіпкерлікті қолдау бойынша селекторлық режимде мәжіліс өтті

Теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, және кәсіпкерлікті қолдау бойынша селекторлық режимде мәжіліс өтті

Бүгін теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, және кәсіпкерлікті қолдау бойынша селекторлық режимде мәжіліс өтті.
Мәжіліске департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері Баймаханов Ануар Аймырзаұлы, «ҚТЖ-Жүк тасмалы» ЖШС «ГП Қызылорда бөлімшесі» филиалы директорының бірінші орынбасары Айдаров Ерлан Мажитұлы, Қызылорда көлік проукуроры Жаңбырбай Ерлан, желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Сәбит Шәмілұлы Мүбәрак, облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Құлмахан Салават Аязбайұлы, «Nur Otan» партиясы Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбасары Танбаев Базара Ермағанбетқызы және теміржол саласына қарасты бөлімшелердің басшылары қатысты.
Шара барысында Ануар Аймырзаұлы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі жайлы және комплаенс-қызметтін енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Салават Аязбайұлы - «Protecting bussines and investments» жобасы аясында кәсіпкерлер палатасының департаментпен бірлесе атқарып жатқан жұмыстар жайлы ақпараттар ұсынып, кәсіпкерлер палатасының көрсететін көмектері жайлы хабарлама жасады.
Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар беріліп, әдістемелік ақпараттар берілді.
24 ақпан 2021 ж. 518 0