Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарих бедеріндегі беделді тұлға

Тарих бедеріндегі беделді тұлға

ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҢ ЖЕМІСІ » Облыстық Сыр бойы газеті | Областная газета ... Тәуелсіз қазақ елінің уығын қадап, Тұңғыш Президент атанған Н.Назарбаев турасында жарық көрген «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақала әрбір қазақстандықтың көңіліне қонымды дүние болды. Бұл Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті мазмұнды мақаласына арқау болған тақырып. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаланы тебіренбей оқу мүмкін емес. Елбасының өмір жолы мен қажырлы еңбегі туралы жазылған дүниеде көптеген тарихи мағлұматтар айтылған және адал еңбектің үлгісі болған Елбасы жолына лайықты баға берілген.

Терең тарихқа үңіле отырып қалам тартқан Президент Қ.Тоқаев
атасы Алаш, керегесі ағаш болған қасиетті жұрттың басынан көптеген қиын-қыстау замандар өткенін айта келе, ата-бабаларымыз армандаған азаттықпен бірге сәулелі сәтерге толы шуақты шежіреміз жазыла басталғанына тоқталған. Ал осынау тарихи істің көш басында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрғаны белгілі.


Мемлекет басшысының өз мақаласында «Тарих жолы тақтайдай тегіс, түзу бола бермейді. Бұрылысы мен қалтарысы жиі кездесетін дәуірдің сыншысы да көп. Ал нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын адамдар сирек. Мұндай тұлғалар тарихты түзеді, жаңа заманды алға жетелейді. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлы – осындай айрықша ерік-жігерімен ертеңгі көкжиекке батыл қарай білген бірегей реформатор, әлем мойындаған мемлекет қайраткері! Ол – тәуелсіз елдің төл тарихын өз қолымен жасаған тегеурінді тұлға! Елбасымыз әлемнің ең азулы елдерінің басшылары мен саяси қайраткерлері құрмет тұтатын биікке көтеріліп, еліміз халықаралық қоғамдастықтың белді де беделді мүшесіне айналды» деп атап өтуі Тәуелсіздіктің елең-алаңы ешкім үшін оңай болмағанын, әсересі Елбасы қаншама ұйқысыз күндер мен түндерді бастан өткергенін дәлелдейді. Осы ретте елді бірлікке үндеп, тату тірлікке жұмылдырған Тұңғыш Президенттің еңбегі орасан зор екенін атап өтуіміз қажет.

         Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем елдерімен қатар тұру жолында Елбасының еңбегі орасан зор. Бұл ел басына күн туған сындарлы шақта саяси маңызды оқиғаларды қоғам мүддесіне сай шеше білген Елбасының еңбегіне берілген лайықты баға екені даусыз.

Патима Маханбет
«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары



02 шілде 2020 ж. 804 0