Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлердің кеңесін тыңдамаған әйел сау егіздерді өмірге әкелді

Дәрігерлердің кеңесін тыңдамаған әйел сау егіздерді өмірге әкелді

Ұлыбритания тұрғыны дәрігерлердің кеңесін тыңдамастан өмірге сәбилерін әкелді. Оның дені сау екі егізі өмірге келді. 

Ханна Моррис мен Марк Кинг Вашингтон тұрғындары. Әйелдің үш айлық жүктілігінде тексеруден өтеді. Оның асқазанында инфекция бары анықталады. Алайда әйелдің ойынша, дәрігерлер оны толық емдеп жазған жоқ.
Бір айдан соң 27 жастағы келіншектен су кете бастайды. Оны ауруханаға жеткізіп, мембраналардың мерзімінен бұрын жарылатынын анықтайды. Бірінші жарылыс төртінші айында, екіншісі үш апта өткенде болды. Екі ұрық та кез келген инфецция жұқтырып алуы мүмкін еді, деп жазады Stan.kz.
 Дәрігерлер әйелдің балалары өлі туады деп болжады. Ешқандай көмек көрсете алмайтындарын айтады. 
«Неге екенін білмеймін, түсік жасатқым келмеді. Ішкі түйсігім бас тартпауға мәжбүрледі. Егер балалардан айырылуым керек болса, өмірде көнейін дедім», - дейді әйел. 
Екі күннен соң тексеру нәтижесінде балаларының сау екені анықталды. Ханна дұрыс шешім қабылдағанына қуанады. 
Дәрігерлердің ескертпесіне қарамастан, балалардың өмірге келуі оңай болды. Ұл мен қыз егіз балалар өмірге келді. Бірінің иммун жүйесі әлсіз, бірінің жүрек жұмысы нашар болды. Екі жылдан кейін екеуі де дертінен айығып кетті.
stan.kz
15 ақпан 2019 ж. 858 0