Əкем жүрген еркекше, менде жүрем дəл солай
Ер адамдардың достығы қыздардыкіне қарағанда әлдеқайда ерекше. Бұл жаратылыстың ерекшелігінен болар. Олар үшін адалдық, сенім, тұрақтылық басты қасиеттер болып табылады.
1. Ұстамдылық
Қыздар қауымы құрбысына ішіндегісін жайып салып, барымен бөліскенді ұнатады. Ал ер адамдар керісінше мұндайда ұстамдырақ болғанды қалайды. Олар досына шындықты айтып отырған кездің өзінде қорқынышы мен қуанышын жасырып отырады. Оларға кейбір дүниелерді бір-бірінен жасыру ыңғайлы. «Жігіттерді бала күнінен бастап сен қамқоршысың, сен батылсың, батырсың, мықтысың деп тәрбиелейміз. Мұның пайдасымен қоса, зияны да бар. Ол өсе келе эмоциялық сезімдерін іштерінде жасырып қалуға бейімделеді», - дейді әлеуметтанушы Игорь Кон. Олар мән-жайды түсіндіргенде де, қысқалыққа бой алдырады. Психологтардың айтуынша, бұл көп жағдайда жасандылық болып табылады.
2. Бәсекелестік
Ер адамдардың бойында бақталастық міндетті түрде болады, олар әркімде әртүрлі жағдайда көрінеді. Бір қызығы, олардың бақталастықтары бір-бірінен алыстатып қана қоймай, кей жағдайда достықтарын нығайта түседі. Ер адамдар көптеген жетістіктерге ұмтылады. Оларға осы жолда шабыт сыйлайтын бақталас адам міндетті түрде қажет. Және олар қыздар қауымы секілді мұндай жағдайда ренжи бермейді.
3. Ортақ іс
Ауыр жүкті жұмыла отырып көтергенді ұнатады. Олар үшін барлығы да ортақ. Үй тұрғызып жатқанда, асарға келіп, бірден көмектесе кететіндіктері де сондықтан. Ақша мәселесіне келгенде де көп санаса бермейді. Бірі үшін ақшасы болып тұрса төлеуге әзір.
Психологтар мен әлеуметтанушылардың анықтауынша, достарының көп болуына жігіттерге қарағанда, қыздар қауымы қарсы емес. Пайыздық есеппен 25% ер адамның жан достары жоқ болса, осыншама қыздар қауымының 19%-ында жан құрбы жоқ екен. Ал 45 жастан асқан ер адамдардың 32%-ында жан достары жоқ.
Маман Глеб Лозинский: «Ер адамдар үшін достық махаббат сезіміндей қасиетті. Жан достарды табу ғашығын жолықтырумен бірдей. Олар үшін ер адамдар көп болатын орталарда жүру өте маңызды. Бұл уақытта ерекше күш-жігермен алмасады. Мұнымен қатар қуаныш сезімін сыйлайды», - дейді.
massaget.kz