Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас неліктен ауырады? 

Бас неліктен ауырады? 


        Бас ауруы – организмнің бір қалыпты емес екендігінің хабаршысы. Көп уақытта ой еңбегімен қатты шұғылданушылар, маскүнемдер темекі жиі шегушілер, қапалы жандар жиі ауырып отырады.
        Ауру алғашында жай басталады да, бірте-бірте екі шекені қатты қыса бастайды. Бұл, әсіресе, күн астында көп жүріп ыстық өтуінен, тамақты абайламай сырқатқа шалдықтырып алудан, адам денесінде бөртпе сүзек, безгек пайда болуынан бас ауруы басталады.
        Денедегі қанның шамадан тыс көбейіп кетуі де бас ауруына соқтырады. Мұндай да көрінген бас аурудың дәрісін іше беруге болмайды. Кей дәрілердің кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан да басыңыз жиі ауыратын болса, өздігінше дәрі қабылдай салмай дәрігерге көрінгеніңіз абзал.
27 қараша 2018 ж. 2 972 0