Алапес ауруын таратқан жануар
Ерте ғасырдан бері келе жатқан дерттің бірі – алапес. Бұл ауру түрі осы күнге дейін толыққанды зерттелген жоқ. Ғалымдар аурудың бұл түрінінің халық арасында таралу мерзімін дөп басып айта алмайды. Бүгінгі медицина ғылымының өкілдері алапес батыс Еуропадан таралған деген болжам жасап жүр. Сонымен қоса, ең қызығы бұл ауруды адамдар арасына таратқан орман ішінде, ағаш бұталарында тіршілік ететін тиін жануары екен. Алапес, яғни Гансен ауруы — аса жұқпалы ауру емес. Ол – баяу өрбиді, тіпті кейде ұзақ жылдарға созылады. Алапес кең тараған жерлерде балаларды, әсіресе алапеспен ауыратын адаммен бірге тұратындарды, әр 6-12 айда тексеріп тұрған жөн. Тұтас денеде, әсіресе бетте, қолда, арқада, бөкседе және аяқта ақтандақтың бар-жоғын тексеру керек. Алапес теріні зақымдайды, сезімін жоғалтады. Бұл ауру ұзаққа созылған жағдайда аяқ пен қол сал болып қалуы мүмкін. Алапестің алғашқы белгілері: денеде пайда болған ақтаңдақ ұлғая бастайды. Ол ауырмайды және қышымайды. Алғашында ақтаңдақтар сезіну қалпында болады. Уақыт өте ақтаңдақ орны жансыз теріге айналады. Болжам бойынша алапес ауруы ХІІ-ХVI ғасыр аралығында қатты таралған. Аурудың пайда болуына ғылыми атауы "Mycobacterium leprae" деп аталатын бактерия әсер етеді. Бұл індет Шығыс Африкаға немесе Таяу Шығысқа ерте кезеңдердегі сауда жолдары арқылы тараған деседі. Қазіргі зерттеу нәтижелері бойынша, алапес алғаш пайда болып, әлемге таралған ошақ – Еуропа. Нақты көрсетілген дәйек болмағанымен, бұл пікірді тудырған осы аумақтан табылған 10 түрлі алапес белгілері бар ортағасырлық мүрделер. Даниядағы Оденсе аумағы еуропалық ғалымдардың зерттеу нысанының басты ошағы болып отыр. Себебі бұл мекенде жерленген адам қаңқаларының ішінен 90 сүйектен осы аурудың негізгі белгілері шыққан.
Massaget.kz
Massaget.kz