Балмұздақ таңдағанда неге мән берген жөн? Дәрігерлер маңызды кеңес берді
Балмұздақ таңдағанда неге мән берген жөн? Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Балмұздақ - сүт және сүт өнімдерінен өндірілетін мұздатылған өнім. Ол жоғары тағамдық құндылыққа ие және оған әртүрлі дәмдік қоспа қосылуы мүмкін.
Мамандар балмұздақ таңдағанда мына нәрселерге назар аударуға кеңес берді:
- Қаптамасы бүтін екеніне назар аударыңыз;
- Өндірілген күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз;
- Құрамын оқыңыз: сүт, кілегей, сары май болғаны дұрыс;
- Ерітіліп, қайта мұздатылған балмұздақ сатып алмаңыз;
- Сақтау температурасы -18 градус және одан төмен болуы керек.








