Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шілдеде Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?

Шілдеде Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?

Шілдеде Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?2026 жылы шілдеде ел азаматтарына Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Жыл сайын 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Мереке ел астанасы Алматыдан Астанаға көшірілуіне орай бекітілген және ресми мемлекеттік мерекелер қатарына жатады.
2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан азаматтарды ұзақ демалыс күтіп тұр.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша:
  • 4 шілде (сенбі) - демалыс;
  • 5 шілде (жексенбі) - демалыс;
  • 6 шілде (дүйсенбі) - мереке.
Осылайша, қатарынан үш күн демалыс болады.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша:
  • 4 шілде (сенбі) - жұмыс күні;
  • 5 шілде (жексенбі) - демалыс;
  • 6 шілде (дүйсенбі) - мереке.
Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтін азаматтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Алты күн жұмыс істейтін ел тұрғындары үшін 5 демалыс күні және 26 жұмыс күні болады.
04 маусым 2026 ж. 38 0