Ашуды басудың амалдары
Адамға әр нәрсенің қисынына қарай әрекет ету тән. Дегенмен кейде біреу жанға тиіп, ол ашу-ызаға жол береді. Ал бұл кезде қисыныңыз жайына қалатыны белгілі. Ендеше, ашу-ызаны ауыздықтай білу керек. Ал мұны қалай жасаған жақсы?
Алдымен өзіңіздің соңғы рет қай кезде ашуланғаныңызды еске түсіріңіз. Сізді не ашуландырды? Жалпы, жиі ашуланасыз ба, ол қанша уақытқа созылады? Мұндайда сіз өзіңізді ашуландырған адамның намысына тиетін сөздер айтасыз ба? Тым қатыгездікке бармайсыз ба? Міне, өзіңізге осындай сұрақтар қойып көріңіз. Сосын неғұрлым жиі кездесетін жайлар мен ашуыңызға тиетін адамдардың тізімін жасаңыз. Кейін ашу-ыза сипаты мен ашуланған кездегі өз әрекеттеріңізді тізбектеңіз. Ашу-ыза аяқталған соң өзіңізді қалай сезінетініңізді де жазып қойыңыз. Енді мына сұрақтарға жауап беріңіз:
Ашуланған кезде өзгелер сізден қорқа ма? Мұндай кездегі қуатыңызды бір бейбіт мәселеге бағыттағыңыз келе ме? Өз ашу-ызаңызды бақылауда ұстағыңыз келе ме?
Егер осы сұрақтардың басым бөлігіне «иә» деп жауап берген болсаңыз, онда сіз ашу-ызаны басқаруға байланысты өз әрекеттеріңізді қадағалауыңыз қажет. Әйтпесе оның өзгелермен қарым-қатынасқа кесірі, денсаулыққа кері әсері тиюі мүмкін.
Алдымен өзіңізді ұстай біліңіз. Ұрыс үстінде сіз өзгені тыңдамайсыз, ашу-ызаңыз өршелене түседі, өйткені өзіңізді тыңдамай тұрғанына сенімдісіз. Демек, өзіңізді қолға ұстап, қорытынды жасаңыз, қарсы жақтың уәжін тыңдаңыз, үзіліс жасаңыз. Айтыс-тартыс кезінде алынған ақпарды саралаңыз.
Қарсыласыңыздың намысына тиетін сөздер айтпаңыз. Өйткені ол мәселені одан әрі ушықтырады, қарсы жақтың сіздің уәждеріңізді шыдамдылықпен тыңдауына кедергі келтіреді. Бұл сіздің ашу-ызаңызды одан әрі тереңдете түседі.
Үзіліс жасауға, өз-өзіңізге келуге мүмкіндік беретін сәттерді қалт жібермеңіз. Мысалы: «Мен қазір аса ашулымын. Бұл дауды доғарғанымыз дұрыс, кейін түсінісеміз», – деген сияқты сөз осындай үзіліске мүмкіндік береді.
Орынды сөз таба білу, қажетті дәлелдер келтіріп қарсы жақты сабырға келтіре білу де ашу-ызаны басуға жәрдемдеседі, ұрыс-керістің ушығуына жол бермейді.
Ашу-ыза күйінің тереңдеуіне өзіңіз кінәлісіз, өзгені кінәламаңыз. Кейде түсінбестік жағдайдан шығу үшін қарсы жақтың өзінен жәрдем сұраған да көмектеседі. Яғни: «Босқа ренжіскенше, түсініскеніміз дұрыс», – деген сияқты ымыраға шақыру дұрыс болмақ.
zamana.kz