Өзгелер сізбен санаса ма?
Адам қоғамсыз тіршілік ете алмайды. Ал қоғамда оған түрлі адамдармен қарым-қатынас жасауға тура келеді. Сол түрлі адамдардың ішінде оның көңіліне тиетін, намысын қоздыратындары да кездеседі. Мұндайда адам ренжіп, өзгемен ұрысып-керісіп қалады немесе онымен сөйлесуді, қарым-қатынасты мүлде доғарады. Дегенмен мұның бәрі де бос кетпейді, адам жанында қандай да бір жайсыз із қалдыратыны анық. Ал мұндай жайларға жиі ұрынбас үшін психологтар адамға мынадай кеңестер ұсынады:
Өзіңізді сүйкімсіз, кем бағаланатын сияқты сезінбеңіз, өз бағаңызды түсірмеңіз. Қолайсыз жағдайларда ұстамды болыңыз.
Тым өзімшіл, менмен, өркөкірек болмаңыз. Әр нәрсенің орны, шегі барын ұмытпаңыз.
Өз ұстанымыңызды қорғай біліңіз. «Иә» немесе «жоқ» деген сөздерді орнымен, түсінікті, нық айтып үйреніңіз.
Іштен тынбаңыз, қандай да бір нәрсеге байланысты өз ұстанымыңызды қорғаңыз, қолдау білдіріңіз немесе қарсылығыңызды бүгіп қалмаңыз. Дұрыс-бұрыстығына қарамай өзгенің таңған ұстанымына үнсіз бас шұлғып ере бермеңіз.
Өз көзқарас, ұстанымыңызды да дұрыс-бұрыстығына қарамай өзгеге таңып, тықпалай бермеңіз. Орынды ұсыныс білдіріңіз, оны қоштау-қоштамау өзгенің еркінде екенін есте ұстаңыз.
Әркімнің өз көзқарас, ұстанымы бар, болмысы, тәрбиесі, мінез-құлқы бөлек. Әркім өзіне лайықтысын таңдауға ерікті. Өзгенің пікірімен санаса біліңіз, өзгенің қателіктерін де қабылдай біліңіз. Өз іс-әрекеттеріңізге мән беріңіз.
Өзіңізді қорғай біліңіз, намысыңызды таптатпаңыз.
Кіммен араласуды, кіммен дос болуды, кіммен қалай сөйлесуді біліңіз.
Өз мінез-құлқыңызды үнемі жетілдіріп отырыңыз.
Zamana.kz