Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарапайым, бірақ мәні терең сұрақтар

Қарапайым, бірақ мәні терең сұрақтар

Әр адамның өмірінде өзгеріске бет бұрар шақ болады. Сондай сәтте өзіне қарапайым, бірақ ойландырарлық сұрақтар қоюы тиіс. Сол сауалдарға жауап бере отырып ары қарай қалай жылжу керегі анықталады. Біз ұсынған сұрақтарға ойланбастан, көкейіңізге бірден келген оймен жауап беріңіз, мұнда дұрыс не бұрыс жауабы жоқ.

 1. Бір кезде арман етіп, бірақ орындамаған ісіңізді еске түсіріңізші. Не кедергі болды?

 2. Елестетіңіз, бақыт әлемдік валютаға айналды. Қандай жұмыс істесеңіз байып кетер едіңіз?

3. Әлемде не нәрсеге алғыс жаудырғыңыз келеді?

 4. Әлем бойынша атақты боласыз, бірақ тағдыр жазғаннан 10 жыл қысқа өмір сүресіз десе, келісер ме едіңіз?

5. Кеше не істегеніңіз есіңізде ме? Алдыңғы күні ше? Ал бір апта бұрын?

 6. Өзіңізге сырттай қарағанда неше жас бересіз?

 7. Өзге елге көшіп кетуге ұсыныс жасаса, қай жаққа барар едіңіз? Не себепті?

8. Балалық шағыңыздың естен кетпес естелігі?

 9. Жеделсатыны шақыру тетігін ашумен қайта-қайта басып тұрып, осылай істесеңіз тезірек келеді деп ойлаған кезіңіз болды ма?

10. Дәл бүгінгідей күн бұрын 100 рет болғандай сезім туа ма?

 11. Сәтсіздіктерге төпеп беру әлде бір байқап көру, қайсысы жақсы?

 12. Өміріңізде бір-ақ нәрсені өзгерте алар болсаңыз, ол не болар еді?

 13. Жұмыстан соң ойланып көріңізші, бос әңгіме айту әлде іс тындыру – қайсысы көбірек болды?

14. Қысқа ғана ғұмырда неге жақсы көретін нәрселерге көп көңіл бөлмейміз?

 15. Сізді өзгелерден даралап тұратын не?

 16. Қателіктер сабақ алу үшін берілсе, қателесуден неге соншалықты қорқамыз?

 17. Кім болғыңыз келеді: бақытсыз данышпан әлде бақытты ақымақ?

18. Әлдекімнің жанында үндеместен ұзақ отырып, одан кейін бір-біріңді өте жақсы түсінгендей сезім болды ма?

 19. Сіз басқа адам болсаңыз, өзіңізбен дос болар ма едіңіз?

 20. Ненің жақсы, ненің жаман екеніне ойланбастан жауап беруге бола ма?

21. 5 жыл бұрын қандай іске соншалықты бас қатырғаныңыз есіңізде ме? Ал қазір оның маңызы бар ма?

 22. Танысыңызбен әңгіме айтып отырғанда, ол сіздің досыңызды (досыңыз екенін білмей) жамандады, не істейсіз?

23. Дәл қазір біреу миллион доллар беретін болса, жасап жүрген жұмысыңыздан шығар ма едіңіз?

 24. Балаңызға бір ғана кеңес берер болсаңыз, не айтар едіңіз?

25. Жақын досыңыз жаныңызда жүріп, араласпай кеттіңіз немесе мәңгілікке шетелге кетіп қалды, қайсысын таңдар едіңіз? Өзіңізге ұнаған сұраққа жауап беріп көріңіз, пікірге жазыңыз. Кей жауаптарды өзіңізден де күтпеген боларсыз?

massaget.kz
09 қыркүйек 2018 ж. 1 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930