Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Салтанатты рәсім ұйымдастырылды

Салтанатты рәсім ұйымдастырылды



Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығы атап өтілді. Осы орайда Манхэттендегі сәулетті залда БҰҰ-на мүше елдердің өкілдері, америкалық қауымдастық мүшелері, тілшілер мен сарапшылардың қатысуымен салтанатты рәсім ұйымдастырылған.
Биыл біздің елімізге артылған жауапкершілік үлкен болды. Өйткені Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі құрамындағы жұмысының алғашқы жылы аяқталуға таяу. Ал бірнеше күннен кейін еліміз әлемдік қауымдастыққа төрағалық ететін болады. Сондықтан салтанатты рәсімге жиылған қонақтар Қазақстанға сәттілік тілеп, маңызды бітімгерлік миссиясы мен Елбасының жаһандық бастамалары үшін алғыс айтып, ризалық білдірді. Шараға орай фотокөрме ұйымдастырылып, «Қорқыт» этнографиялық ансамблінің концерті өтті.
Сахнада танымал қазақ композиторларының туындылары мен күй-термелері орындалды.
17 желтоқсан 2017 ж. 1 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930