Қыран Талапбек: «Өмір мен өлім арасындағы ота болды»
(Фото: stan.kz сайтынан алынды)
Танымал мобилограф Қыран Талапбек әлеуметтік желідегі парақшасында аяқ асты Стамбулға ұшып кетуінің себебін түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Блогер Стамбулда жақынына күрделі ота жасалғанын айтып, уайымымен бөлісті.«Сіздерге менің өмірімді керемет, мнсіз болып көрінетін шығар. Өмірде қуанышты сәттер мен сынақтар бірге жүреді екен. Тек сол сынақтарға мойымай тік өту маңызды. Аяқ асты жақыныма ота жасату керек болып, Стамбулға ұшып кеттім. Эмоционалды тұрғыдан ауыр, бірақ жылауық болып көрінгім келмейді. Тек өмірде бәрі керемет бола бермейтінін айтқым келеді. 24 сағатта эмоцияның түр-түрін бастан кештім», – дейді Қыран.
Алайда танымал блогер “жақыным” деп таныстырған адамның кім екенін көпшіліктен жасырып қалды.
«Кореяда минимум 7 күн, Алматыда 2 ай жатасың, Германия бұл отаны жасай алмаймыз деді. Досым Оғузхан 40 минутта жасап тастады. Бәрі жақсы болса, 3 күнде шығарамыз дейді. Шыны керек, өмір мен өлім арасындағы ота болды», – деп жазды блогер.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздегі танымал мобилограф Айжұлдыз Адайбековамен ортақ некеден туған ұлы жайлы және жаңа сүйіктісі туралы айтқан болатын.