ӨТКЕН КҮНДЕР СӨЙЛЕЙДІ
1957 жыл 21-31 март. Колхоздың жаздық бидайын қысқа мерзімде егуіне звено мүшелері елеулі үлестерін қосты. Енді олар кеш егіс – күріштің жерін әзірлеуде көптеген жұмыстар істеді. Бұдан бұрынғы онкүндікте күріштік жер басына көң қажетті мөлшерде тасылған болатын. Күріш жерлерінің бетін тегістеуде бір грейдер жұмыс істеді. Ауа-райының бұзылып, жауын-шашынды болуына байланысты грейдер екі күн жұмыссыз тұрып қалды. Себебі, ылайсаң болған жер грейдердің тегістеуші қалағымен түйдектеліп, бірнеше күннен кейін қатты жұмбаздарға айналады. Мұны майдалау үшін тағы да қосымша механизмдер пайдалану керек болар еді. Осы онкүндікте грейдер 13 гектар жерді агротехникалық планировкаға сәйкес тегістеді.
Бес шақырымға жуық арықтар мен жаптар тазартылды. Бригаданың негізгі үлкен арығын қазысуға кеткен звено мүшелері Раманқұл Байдүйсенов, Айған Шағырбаева, Хизан Минсаева, Зейне Әшірханова және Ұлған Шағырбаевалар күндік нормаларын 1,5-2 есе орындауда.
1957 жыл 9 апрель №43 санда
1957 жыл 21-30 апрель. Звеноның 4 мүшесі апрельдің 24-іне дейін үлкен каналды қазысуға қатысты. Бұл жұмыста Хизан Минсаева, Ұлған Шағырбаева, Берді Оразов және Раманқұл Байдүйсенов жолдастар күніне 11 текшеметр топырақ аршу орнына 15-16 текшеметр топырақ аршып, өзгелерге үлгі көрсетті.
Күріштік жерді атыздау апрельдің 25-де басталды. Атыздауға звено мүшелері түгел қатысты. Трактормен бірінші рет жүріп соғылған атызды септеуде Боранбай Жақаев, Мырзатай Әбдіраманов, тағы басқа звено мүшелері 200 метр орнына 250-300 метрден септеп жүр. Барлығы жеті гектар күріштік жер атыздалды.
Бұл онкүндікте звено мүшелері Боранбай Жақаев 24, Берді Оразов 18, Раманқұл Байдүйсенов 17, Хизан Минсаева 24, Ұлған Шағырбаева 21, Мырзатай Әбдіраманов 18 еңбеккүннен тапты. Ыбырай Жақаев апрельдің 24-де Алматыға кетіп, одан 30 апрельде қайтып келді. Келесі онкүндікте атыздау тегіс бітіп, күріш себу басталады.
1957 жыл 9 май №56 санда
1957 жыл 1-10 май. Бұл онкүндікте звено мүшелерінің бір тобы 4,5 гектар күріштік жерді атыздаумен айналысса, ал басқа бір тобы күріш тұқымын себумен айналысты. Бұл жұмыста Боранбай Жақаев пен Хизан Минсаева жолдастар күніне 2 гектар жерге тұқым себу орнына 2,2-2,5 гектар жерге күріш тұқымын сеуіп, күндік нормаларын асыра орындады. Ауа-райының қолайсыздығынан екі күн үзіліс болды. Бірақ, осыған қарамастан барлығы 12,2 гектар жерге күріш тұқымы себіліп, тегіс суға бастырылды.
1957 жыл 10-20 май. «Су – сыншы», – дегендей қанша тегістелді дегенмен су жайылғаннан кейін жердің ой-қыры белгілі болды. Звено мүшелері мұндай бос қалған жерлерді қолма-қол тегістеп шықты. 4 гектар жерге сеялкамен 3,8 гектар жерге қолмен күріш тұқымы себілді. Су жіберілгеннен кейінгі кейбір атыз, жаптардың нашар жерлері қайта септелді.
Осындай қажырлы еңбек етудің нәтижесінде соңғы екі онкүндікте звено мүшелері: Боранбай Жақаев 50, Айған Шағырбаева, 50, 25, Хизан Минсаева 32,4, Раманқұл Байдүйсенов 48, Берді Оразов 47, Зейне Әшірханова 48, Ыбырай Жақаев 49 еңбеккүннен тапты.
1957 жыл 30 май №65 санда