Алматыда әйел мас күйде рөлге отырып, бірнеше көлікті соқты
Оқиға кезінде көлік ішінде отырған 2015 жылы туған қыз зардап шекті. Машинада жүргізушінің құрбысы да болған. Алматыда үш көлікке зақым келтірді деген күдікпен мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көліктің ішінде 2015 жылы туған қызы мен құрбысы болған. Lada Granta "Таугүл" шағын ауданында аула ішінде келе жатқан. Жүргізуші көлікті басқара алмай, Toyota RAV4-ті соқты. Соққыдан қозғалған Toyota автокөлігі тұрақта тұрған Mercedes e-class көлігіне соғылды.
Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгерлер көлік иесі дүкен маңына тоқтап, ішімдік алып, Сүлейменов көшесі бойымен кеткенін айтты. Пятницкий көшесімен қиылысқан жерде Lada автокөлігі полиция бекеті жанында Mitsubishi Pajero көлігін соқты. Оқиға орнынан кетіп қалуға тырысқанымен, жоспар жүзеге аспады. Полицейлер көлікті қуып жетіп, жүргізушіні ұстады. Оның орташа деңгейде мас екені анықталды. Оқиға кезінде көлік ішінде отырған 2015 жылы туған қыз зардап шекті.