Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дастарқаны таза ма екен?

Дастарқаны таза ма екен?

Біздің қазақ халқы бағзыдан ас ішетін дастарқанды ерекше құрметтеген. Бәрімізде бала кезден «дастарқанды баспа, дастарқанды аяқ асты етпе» сынды тыйымдармен өстік. Үйге қонақ келсе де, «дастарқаннан, астан үлкен емессің ғой» – деп, дәм татырмай жіберетініміз тағы бар. Осының бәрі ата-бабаларымыздың ақ дастарқанға ырыс пен берекенің жасырылғанын терең түсінуінен деп білемін.
Дастарқанға қатысты жазба жазуыма З.Ахметованың «Шуақты күндерінен» оқыған тағылымды әңгіме себеп болды. Сіздерге соны кеңінен тарқатып баяндап берейін. Әлгі кітапта дастарқан тазалығына қатысты қызық деталь бар. Бірде, Зейнеп апамыз қайтқан кісінің жетісіне барып келеді. Үйге келсе, атасы (Б.Момышұлы) келінінен:
– Иә, балам, қалай барып қайттың? «Орнында бар оңалар» деген. Артында ұрпағы қалып, жөн-жоралғысымен жөнелткені дұрыс болған. Дастарқаны таза болды ма? – деп сұрайды.
Зейнеп апамыз да жұрттың көп келгенін, дастарқанның мол болғанын, елдің риза күйде тарқасқанын, тазалық жағынан келгенде аппақ крахмалданған дастарқан жайғанын айтады. Бірақ, Бауыржан атамыз жауапқа қанағаттанбай, басқа тазалықты, яғни, дастарқанда ішімдік болған-болмағанын сұрап тұрғанын нығарлап айтады. Зейнеп апамыз да саспастан, дастарқанға ішімдіктің түрлі-түрлісін қойғанын, бүгінде тойға ғана емес, асқа да ішімдік қоюдың дәстүрге айналғанын айтады. Сонда ашудан көзі шатынаған батыр ата:
– Дәстүр дейсің бе? Қай жеті атаңнан қалған мұра? Дәстүр дейді ғой, дәстүр емес – жұқпалы ауру бұл – деп, даусы ызғарланып шыққанда, Зейнеп апамыз қорқып кетеді. Осыдан бастап апамыз атасының сөзін көкейінде берік сақтап, қара шаңырақтағы ақ дастарқанын кең жайып, таза ұстайтын болған екен.
Түсінгенге – мол ғибадат. Солай емес пе?! Әсілінде, дастарқанды мол жаю деген – арақ-шарапты жайнатып қою емес, адал аспен толтыруды білдіреді. Ал, дастарқанның тазалығы деген – мұнтаздай аппақ түсін емес, харамнан тазалығын білдіреді.

Ақтолқын ӘЛЖАНОВА
02 наурыз 2021 ж. 1 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930