Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі апта Үнді мұхитында жалғыз қалған адамды қазақстандықтар құтқарып қалды

Екі апта Үнді мұхитында жалғыз қалған адамды қазақстандықтар құтқарып қалды

Шри-Ланка азаматы 15 күн бойы ашық мұхитта қалып қойған. Ол достарымен балыққа шыққан, алайда дауыл тұрып, қос серігі қайтыс болған. Оны Мальдив аралдарында демалып жүрген қазақстандықтар құтқарған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы. 
Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны Ұлан Әбдірайымовтың айтуынша, ол достарымен Мальдивте демалып жатқан, сосын суастында балық аулауға шыққан. Балық аулау кезінде туристер алыстан аударылып қалған жеңіл моторлы ұшақты көргендей болады. 
"Жақындай келе, біз қайықта отырған ер адамды көрдік. Сөйлесе келе, оның Шри-Ланка азаматы екенін білдік. Ол басқа тілде сөйлемейді екен, сосын біз елшілікке хабарласып, оның не айтып жатқанын сұрадық", - дейді Әбдірайымов. Оның қайығының қозғалтқышы дауылдың салдарынан істен шыққан екен. Жанындағы адамдар қайтыс болған, ал өзі екі аптадан аса уақыт бойы ашық мұхитта қалқып тұра берген. "Ол әбден қажыған. Біз оған тамақ, су бердік, алайда бортқа ала алмадық, өйткені капитан жұқпалы аурулар болуы мүмкін деген қауіп барын айтты", - дейді қазақстандық. 
Әбдірайымовтың айтуынша, болған оқиға нағыз таңғажайып жағдай және мұндайды тек кинодан көрген. 

massaget.kz
01 наурыз 2021 ж. 510 0