Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 49 күн бойы лашығымен ашық теңізде қалқыған жасөсіпірім аман қалды

49 күн бойы лашығымен ашық теңізде қалқыған жасөсіпірім аман қалды


Индонезияда жасөспірім дауыл көтеріп әкеткен лашықпен 49 күн бойы ашық теңіздің бетінде қалқып жүріп, аман қалды деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.

Сулавеси аралында тұратын Алди Новел Адилан жағалаудан 125 км қашықтықта орналасқан балық аулауға арналған лашықта жұмыс істеді. 19 жастағы жас жігіт балықтарды тартатын жарықтың үнемі жанып тұруын қадағауы керек болатын. Адиланның әкесінің айтуынша, жас жігіт онда 16 жасынан бастап жұмыс істеп келеді. Әр апта сайын оған балық аулаушылар келіп, ауға түскен балықтарлы алып, жігітке азық-түлік, су, көмір тастап кететін.
Шілде айының ортасында қатты дауыл соғып, лашықты мұхит көтеріп әкетті. Алайда, ашық теңізде жалғыз өзі қалған Адиланда тек бірнеше күнге ғана жеткілікті азық болды. Содан кейін ол балық аулап, жылыну және тағам пісіру үшін лашықтың бөліктерін жағып әрекет етті. Ол теңіз суының тұздылығын азайту үшін оны киім арқылы сүзді.
Осакадағы индонезиялық консулдықтың мәлімдеуінше, жігітті Гуама суларынан құтқарып қалғанға дейін оның жанынан он кеме жүзіп өткен. Адилан алдымен капитанның назарын аударуға тырысып, киімін лақтырып, артынан радио сигнал жіберді.
49 күн бойы азықсыз ашық теңізде қалқып жүрген жігіт сол лашықта өлетініне сенімді болғанын мойындады. Ол тіпті, не істерін білмей өзіне қол салмақшы да болған. Бірақ, қиын сәттерде дұға ету керек деген ата-аналардың кеңесін еске алды. Бұған лашықтың ішінде жатөан Киелі кітап көмектесті дейді жігіт.
Капитан жас жігітті судан көтергеннен кейін Гуам жағалауының гвардиясына хабарласты. Кеме Жапонияға жол тартқандықтан, Адиланды индонезиялық консулдықтың өкілдеріне тапсыруды шешті.
Stan.kz
24 қыркүйек 2018 ж. 971 0