Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Пандемия цирк саласына қалай әсер етті?

Пандемия цирк саласына қалай әсер етті?

Коллектив Бишкекского государственного цирка решил уволиться в знак протеста Пандемия шағын және орта бизнеске айтарлықтай соққы болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Көптеген кинотеатр, ойын-сауық орталықтары мен театрлар жұмысын тоқтатты. Уақытша қиындықтар цирк саласын да айналып өтпеді. Ендеше көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен әртістер қауымы қысылтаяң уақытта қалай жұмыс істеп жатыр? Назерке Тоқжан, тілші: - Елорда циркінің әртістері таң алакеуімнен қызу жұмысқа кіріседі. Солардың бірі – Халил Қамашев. Ол цирк өнерін меңгеруді бала кезден армандаған. Міне, 40 жыл бойы әлемнің түкпір-түкпірінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүр. Алайда бұрынғыдай шат күлкіге толы күндер азайған. Оған пандемия кесірін тигізді. Халил Қамашев, цирк әртісі: - Біз үйренгенбіз ғой, бала-шаға цирк көрмесе, бірдеңе жоғалтқандаймыз. Қиналып кеттік қазір.Тезірек өтіп кетсе екен. Биыл елорда циркінің құрылғанына 15 жыл. Бірақ мерейлі дата елеусіз қалды. Бұрын көптің қошеметінен құлақ тұнатын орында қазір сілтідей тыныштық. Ұжымның 40%-і ғана жұмыс істеп жүр. Ерік Жолжақсынов, Нұр-Сұлтан қалалық циркінің бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген артисі: - Бұл адамдар кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Мәселен, мына қыз-жігіттер 2 сағат дайындалады да кетеді. Орнына басқалары келеді. Санитария талаптарын сақтауға барынша тырысып жатырмыз. Көрерменнің қолдауынан шабыт алатын әртістер қауымы, осылайша, дағдарып қалды. Дегенмен, қол қусырып отыруға болмайтынын жақсы біледі. Сондықтан жаңа жағдайға бейімделіп, онлайн қойылымдар ұйымдастырады. Олар 2022 жылы Монте-Карлода өтетін халықаралық цирк фестиваліне қатысуды қалайды. Қазір сол үміт жетелеп келеді. Авторлары: Назерке Тоқжан, Ержан Қанапияұлы

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/444943-pandemiya-tsirk-salasyna-alaj-ser-etti
26 желтоқсан 2020 ж. 398 0