Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күннің жарығынан құбыжыққа айналатын әйел

Күннің жарығынан құбыжыққа айналатын әйел

54 жастағы Фатима Перез өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Оны күн сәулесі өлтіріп жіберуі де мүмкін деп жазады weekend.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фатима үйіне күн сәулесі түспеу үшін терезелерін қараңғылап, әр екі сағат сайын күннен қорғайтын крем жағып отырады. Ал көшеге тек қажет болғанда ғана шығады екен.
Пигментті ксеродерма ауруына шалдыққан әйел Доминикан елінде дүниеге келген. Ол өзінің дерті жайлы тек 44 жасында біліпті.
Ол уақытта Фатима көз жанары мен барлық шашынан айырылған.
Әйел осыған дейін дертінің салдарынан пайда болған денесіндегі ісіктерге ауыр ота да жасатқан. Мамандар тері ауруының бұл түрі жазылмайтынын мәлім еткен.
Қазір АҚШ-қа көшіп келген Фатима Перез далаға шығу үшін жаздың күндері де бірнеше қабат қалың киім киюге мәжбүр.
Айта кететіні, әйелдің ағасы тоғыз жасында дәл осы дерттен қаза тапқан.
04 қараша 2019 ж. 1 076 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930