Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

BAQ.KZ. 34 жастағы Екібастұз тұрғыны 15 қазаннан бастап іздестіріліп келген, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сегіз күннен кейін ол өлі күйінде табылды.

"Екібастұз тұрғыны полицияға қызының жоғалғаны туралы хабарлады. Анасы бірнеше күн бұрын 34 жастағы Катерина Коковинаның өзінің Nissan Qashqai маркалы автокөлігіне мініп, үйден шыққаннан және қайта оралмағанын айтты. Жоғалған адамды іздеуге жергілікті полиция бөлімі қызметкерлерімен қоса еріктілер де жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары әр пәтерге кіріп-шығып аралады, сұрақ-жауап алды, сонымен қатар жақын маңдағы дүкендерді тексеріп, бақылау камераларын қарады", - делінген хабарламада.

Полицейлер мен еріктілер жертөлелерді, құдықтарды, жазғы саябақты, үйлердің шатырларын, қиранды үйлерді, бос жерлерді тексерді.

"Жедел-іздестіру шаралары жүргізілген келесі күні жоғалған келіншектің көлігі табылды. 23 қазанда тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен жеке кәсіпкерлік нысанның жұмысшысы, 1992 жылғы Екібастұз қаласының тұрғынын құрықтады. Жоғалған әйелдің денесі табылды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
24 қазан 2019 ж. 680 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930