Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ана мен Ажалдың әңгімесі

Ана мен Ажалдың әңгімесі

Аналар жайлы әңгіме қасиетті қара жер аман болса, мәңгі таусылмасы анық. Мынау бір шағын әңгімені қытай қазақтарының «Ел-Арыс» сайытынан жолықтырдым. Ұрпаққа берер тәрбиелік мәні терең әңгімені сіздермен де бөліскенді жөн көрдік. 

*** 

Бір әйел ана атанады. Егіз ұл-қыз табады. Сол екі баласына сүйсініп қарап, көңілі толып отырған сәтте, кенет үйге күннің сәулесі өтпес бір қара көлеңке кіреді. Жүрегі дір ете қалған ана алдында Ажалдың тұрғанын көріпті. 

- Иә, мейірбан ана, сіз үшін келдім бұл үйге. Әйелдік борышыңды өтедің, бұл дүниеге екі жанды әкелдің, - дейді ажал. 

Ана бұл сөзге көнбеді. 

- Ажал, маған әлі ерте. Сен күте тұр. Ұлымның ержеткенін, қызымның бойжеткенін білейін. Олардың өзім секілді бала сүйгенін өз көзіммен көрейін. Соның бәрін көрген соң, немеремді сүйген соң, ала бер мені, - дейді. 

- Жоқ, мейірімді ана, сенің жаның дәл қазір керек маған. Неғұрлым тез алсаң, адам жаны сонша тәтті болады, – деп айтқанынан қайтпапты Ажал. 

Әлі де көндіруге тырысайын деп ойлаған ана: 

- Онда біз келісейік, ажал. Менің осы көремін деп отырған нәрселерімнен айнытып көр. Тек солар үшін өмір сүрудің еш қажеті жоғын дәлелдеп көрсет маған. Сосын барып мен бұл өмірден қажыған кезімде, өзім сенен өлімді сұрағанда мені алып кет, - депті. 

Ажал көп ойланып, ақыры тәуекелге бел буып, келісімін беріпті: 

- Болсын! Мейірімді ана, қабыл алдым тілегіңді. 

Тірі қалғанына, сонау ажалды көндіргеніне мәз болған ана балалардың бетінен мейірлене сүйіп қояды. 

Ал Ажал алда болар Анамен болған уәдесін ойлап, көтеріңкі көңілмен өз ауылына қайтыпты. 

Сөйтіп, байқұс ананың қайғы мен қасіретке толы өмірі басталады. Баласының істеген бірінші опасыздығына, жарының арақ ішіп мас болғанынан, айналасындағы адамдардың надандығына, көршінің қызғанышына, бәрі-бәріне де шыдады. Мұқалмады, майыспады. Бұл өмірден шаршаса да, жығылмады. Балаларым жетім болмасын, жұрт алдында асқақ жүрсін, қайда жүрсе де, қандай азапқа жолықса да артымда мені күткен анам бар деп жүрсін деді...
07 шілде 2019 ж. 932 0