Ауылдың жайы...
Күн ұясына шомып, қызыл шапағын қою қараңғылық баса бастаған. Қарайған аспанда жұлдыздар саны қалыңдап келеді. Балаларын ойнатып отырған ана секілді кейіпке енген жұлдыздар арасындағы айдың жарығы да бүгін ерекше. Ех, кезінде жұлдыздарды жасырып ойнау біздің бір сүйікті ойынымыздың бірі еді. Жоғарғы сынып оқитын ағалардың «астрономия» кітабын ұрлап оқып, Темірқазық, Жетіқарақшы, Аю тәрізді жұлдыздарды ойланбай табатынбыз. Әттең, бүгін жұлдыз жасырып ойнап жатқан баланы табу қиын. Кітап ұрлап оқымақ түгілі, беріп оқыта алмассың.
Бұрын бұл уақытта ауылда тыныштық орнайтын. Тек иттің үргені, масаның ызыңдағаны, қарық жағасындағы құрбақаның дауысы болмаса, адам баласын көшеден кезіктіру қиынға соғатын. Күн ұясына қалай батса, тұрғындар да дәл солай үйлеріне кіріп кететін. Бірақ бүгін басқаша.
Шілде айы басталмай тұрып-ақ күн қызуы күшейген еді. Ал ыстықтың көкесі шіліңгір шілде басталған соң болды. Ауа температурасы 45 С-тен асқанда көшеден адам түгілі жануар да қарасын көрсеткен жоқ. Күн қарайғанымен, ыстық әлі басылар емес. Күні бойы көлеңкеге жасырынғандар көшеге енді шығып жатыр. Ауылдағы дүкендердің алды, көше қиылыстары топырлаған ауыл жастары.
Өтінішімді қабыл алып, көлігімен дәріханаға жол тартқан Нұржас досым көшедегі топырға көз салып: «Қазіргі жастардың өмірі – өмір. Біздің уақытта бұлай көшеде тұру арман еді ғой. Кешке дейін егіс алқабында жұмыс істейтінбіз, түнде көшеге шықсақ, ағаларымыз шөп асарға алып кететін еді», – дейді күлімсіреген күйде маған қарап. Иә, ол уақытта солай. Қолы бос ешкім жоқ. Осы кезде ауылдағы Жомарт көкеміздің әңгімесі ойға еріксіз оралды. Әңгімесінде: «Колхозда жұмыс істейміз. Ол кезде демалыс деген жоқ. Сенбі, жексенбі дегенге қарамайтынбыз, мереке деген де жоқ. 23 ақпан күні біздің мерекеміз ғой, бастықтан сұранайық. Жіберер деген ниетпен бел буып, бастықтың бөлмесіне ендік. Жылы жүзбен күтіп алған басшымыз бізді ертіп алып, колхоздың мал қорасына алып келді. Ұрысқан да жоқ, жібермеймін деген жоқ. Тек: «Мына тұрған сиырларды көрдіңдер ме? Осылардан сұраныңдар. Біз демалып жатқанда бір күн шөп жемей, су ішпей аш тұрыңдар, астарыңды бүлдірмеңдер деп айтыңдар», – деген бойы сөзін тоқтатты. Сөзбен бірге біз де тоқтадық. Әңгіме аяқталды. Жұмысты одан әрі жалғастырып кете бердік», – деді. Есімізге түскен көкенің әңгімесіне қайта күліп, жолымызды жалғастырдық.
Жол жағасында қол көтергендердің бірнешеуін машинаның төріне жайғастырдық. Барлығы ауылдың балалары. «Playstation» ойнауға шығыпты. Қалмақты қырып келіп отырған қазақ батыры секілді көгілдір экранның ішіндегі ережесіз жекпе-жектен өздері жанкүйер болған спортшылардың бірін-бірі қалай жеңгенін айтып, мақтануда. Кезінде боксшы Бекзат Саттарханов олимпиадада жеңіп жатқанда бұлай мақтанған жоқ шығар, сірә. «Осы жолы жеңілгендер донерге алып барады», – деп бәстесуде.
Иә, донер мен «Playstation»-нан басқа жастардың алданатын ешнәрсесі жоқ-ау шамасы. Оның өзінде аудан орталығына жол тартуы керек. Бауыржан Әбіханов: «Ол кезде клубта аптасына кино көрсетіп тұратын. Көрсетілетін киноны бір апта бұрын жарнамалайтын. Афиша ілуге үнемі бізді жұмсайтын. Соның арқасында киноға тегін кіретінмін. Көрсетілетін үнді фильміне ауылдың басым көпшілігі баратын. Көпшілікпен көрген кино қызық еді», – дейтін. Қазір де ауылдық клубтарда кино көрсетсе, ауыл жастарының бір ермегіне айналар еді. Мұнымен қоса, балалар ойнайтын алаңдар бой көтерсе, жастар театры құрылып, өскелең ұрпақты өнерге баулыса, нұр үстіне нұр болар еді. Ауылда жүрген баласына ата-анасы да алаңдамайды. Жастар арасында орын алатын қылмыс та азайып, болашақ ұрпақ салауатты өмір салтын ұстап, рухани кемел болар ма еді дейміз ғой әлгі жерде. Қалай болғанда да елді мекендерге ауыл жастары бос уақытын тиімді пайдаланатын заманауи орталықтардың ашылуы күн күттірмейтін мәселе болып тұр.
Ерұлан
ДАТКЕНОВ