Жұлдыздар не дейді?
Бүгін сізді мақтайтындар көп. Әрине, бұл сізге қуаныш сыйлайды. Өзіңіздің жаңа жоспарларыңызға серіктестер табасыз. Сейкесінше, табыс табудың жаңа көзін ашасыз.
Торпақ
Жақындарыңызға көп көңіл бөліңіз. Үнемі жаныңыздан табылатын жандарға оларды жақсы көретініңізді айтып, сыйластығыңызды арттырыңыз. Кикілжіңге бармауға тырысыңыз. Барлық түсініспеушілік сіздің күйгелектігіңізден туындайды.
Егіздер
Маңызды істерге қатысты шешім қабылдайсыз. Сондықтан мұқият болғаныңыз абзал. Басшылықпен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Оған себеп, берілген тапсырманың дер кезінде орындалмауы. Сондықтан берілген тапсырманы уақытында орындауға тырысыңыз.
Шаян
Бүгінгі күн сіз үшін қиынға соқпақ. Жақын адамыңызбен арадағы мәселені шешу қиынға соғады. Өз тәжірибеңізге ғана сүйеніп мәселені шешуге тырысыңыз. Тәуекелге бармаңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.
Арыстан
Жұмыс жайлы көп ойланудың қажеті жоқ. Аяқталмаған істеріңіз қайтадан алдыңыздан шығады. Оларды аяқтау үшін көп уақыт пен мол қаражат қажет. Өзгелердің мәселелеріне араласпағаныңыз жөн. Дәл қазіргі уақытта жіберген қателікті түзету қиынға соғады.
Бикеш
Бүгін қабылдаған әрбір шешім дұрысынан болмақ. Жұлдыздар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сілтеп отыратын болады. Жасаған әрбір ісіңіз алға басып, жұмысыңыз жандана түспек. Әрбір күніңіз өзіңізге сабақ болады.
Таразы
Бүгін жаңа жұмыс бастамағаныңыз дұрыс. Сондай-ақ жақын адамыңызбен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз. Егер алыс сапарға шығар болсаңыз, жолда абай болыңыз. «Сақтансаң, сақтаймын» дегенді ұмытпаңыз.
Сарышаян
Өзгенің ісінен араласудан аулақ болыңыз. Біреуге көмектесемін деп, өзіңіз опық жеп қалмаңыз. Сіздің тапқырлығыңызға қызыға қарайтындар болады. Ішкі түйсігіңіз алдамайды. Сондықтан оған толық сенім артуға болады.
Мерген
Эмоцияңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз. Демалысты жақсы көңіл-күйде өткізуге тырысыңыз. Үй тіршілігін кейінге қалдырыңыз. Достарыңыз немесе туыстарыңыз көмек сұраса, қол ұшын беруден қашпаңыз. Түсіңізде аян беруі мүмкін.
Тауешкі
Үйде немесе жұмыста мәселе туынчдауы мүмкін. Жағымсыз жаңалық көңіл-күйіңізді түсіріп, мазаңызды қашырады. Бұл орайда денсаулығыңызға абай болыңыз. Біраз шаршап қалуыңыз да мүмкін.
Суқұйғыш
Бүгін сізге барлығы қарсы тұрғандай сезінесіз. Бірақ уайымға берілудің қажеті жоқ. Жалғыз қалып, демалғаныңыз жөн. Бұл кейінгі кезде туындаған мәселелер туралы ойланып, олардан шығу жолдарын табуға көмектеседі.
Балықтар
Бүгін ешбір істі қолға алмағаныңыз жөн. Қай жұмысты бастасаңыз да оң нәтиже бермесі анық. Бүгін қайырымдылық жасап, айналаңыздағыларға деген ренішіңізді ұмытқаныңыз жөн.