Жұлдыздар не дейді?
Күш-қуатыңыз артып, жұмысыңыз табысты болмақ. Жаңадан бастаған ісіңіз өрге домалайды. Бұл белгідегі нәзікжандардың бүгін жолы болады. Ал ер адамдарды өмірін түбегейлі өзгертетін жаңалық күтіп тұр.
Торпақ
Бүгән жайбарақат күн. Осы уақытта пайдаланып, бітпей тұрған шаруаларды аяқтаңыз. Жеке өміріңізге қатысты жасалуы тиіс жұмыстар мен жаныңызға жағымды істі ажыратып алыңыз. Жан-жағыңызды бағамдап, жасайтын іс-әрекетіңізді әбден ойланып алыңыз.
Егіздер
Басшылыққа өз ұсынысыңызбен кіруге қолайлы күн. Іс-шараларды ұйымдастыруға белсене кірісе берсеңіз болады. Тәуекелге бел буыңыз. Барлығы оң нәтижесін бермек.
Шаян
Аяқталмаған немесе кейінге қалдырған істеріңізді тез арада орындауыңызға тура келеді. Денсаулығыңызға мән беріңіз. Күш-қуатыңыз бен жүйке-жүйеңізді шаршатпауға тырысыңыз. Әңгімеге қалудан, жалаға ілігуден сақтаныңыз. Кешке қарай жалғыз серуенге шықпағаныңыз жөн.
Арыстан
Кез келген істі бастауға қолайлы күн. Отбасыңызбен бірге болыңыз. Бүгін өзекті мәселелерді шешесіз және кеткен қателіктерді түзей аласыз. Жаңа таныстықтар немесе романтикалық оқиғаға тап боласыз.
Бикеш
Жаңа идеяларыңызды жүзеге асыратын немесе қордаланған мәселелерді шешуге қолайлы күн. Бұл күн жақын адамыңызбен сырласуға да өте ыңғайлы болмақ. Көптен бергі арманыңызға қол жеткізесіз немесе жеке өміріңізде табысқа жетесіз.
Таразы
Көздеген мақсатыңызға жетесіз. Бүгін қабылдаған әрбір шешім дұрысынан болмақ. Жұлдыздар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сілтеп отыратын болады. Жасаған әрбір ісіңіз алға басып, жұмысыңыз жандана түспек. Тек денсаулығыңызды күтіңіз.
Сарышаян
Күтпеген оқиғаларға тап боласыз. Материалдық жағдайыңызды жақсартатын кез келді. Тек өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Түсіңізді тек жақсыға жорыңыз.
Мерген
Барлық қарым-қатынаста өте сәтті күн. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Оларға өз қолыңызбен мерекелік дастархан әзірлеңіз. Сонымен қатар бүгін сумен ем қабылдасаңыз денсаулығыңызды нығайтасыз.
Тауешкі
Бүгінгі күн қызықты ақпараттарға толы болмақ. Жеке өміріңізде өзгерістер болуы мүмкін. Сіздің өзіңіздің қалыптасқан стиліңіз, өз талғамыңыз бар. Өмірге деген көзқарасыңызға жақындарыңыз да қолдау білдіреді.
Суқұйғыш
Жаңа тыныстықтар орын алады. Сондай-ақ бұрын ара-қатынастарыңызды үзген достармен қайта қауышуларыңыз мүмкін. Жұмыста өз ісіңізге абай болыңыз. Мұқият болмасаңыз қателіктер жіберіп алуыңыз мүмкін.
Балықтар
Шыдамды болыңыз. Мәселенің мән-жайын дұрыс түсінуге тырысыңыз. Жауапкершілік пен әділдік сіздің жаңа ісіңіздің жүзеге асуына көп көмектеседі. Досыңыздың ақыл-кеңесі алдағы өміріңізге көп көмегін тигізетін болады.