Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар

18 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар


1992 жылы КСРО Түркістан әскери округі таратылды.

2006 жылы Егеменді еліміздің байланыс және хабар таратуға арналған «ҚАЗСАТ» деп аталатын тұңғыш геостационарлық жер серігі жоспарланған таңғы сағат 4.44-те Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық державалар қатарына қарай аяқ басқан алғашқы қадамының хабаршысындай болған осы жер серігінің ұшырылу сәтін Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арнайы келіп бақылады. «ҚАЗСАТ» жер серігінің техникалық ресурсы - 12 жыл. Бұл еліміздің ең шалғай аудандары мен ауылдарын телекоммуникациялық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» сапалы мемлекеттік қызмет ұсынуды қамтамасыз етуге бағытталған Заңға қол қойды.

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлыққа қол қойды.

2014 жылы қазақстандық ғалымдар туберкулезге қарсы қолданыстағы дәрілерге қарағанда әлдеқайда тиімдірек дәрі ойлап тапты.

18 маусым 2019 ж. 802 0