Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тас гүлін іздеген бала

Тас гүлін іздеген бала

Ð¢Ð°Ñ Ð³Ò¯Ð»Ñн Ñздеген бала
Кішкентай қыз бірдеңе іздеп жүр. Ол алыстан қарағанда бейне ай нұрының суда жүзген сәулесі сияқтанады. Ол айналасына үңіле қарап алып жердегі тастар арасынан бірдеңелерді іздей жөнеледі. Орнынан тұра сала оң-сол жағына көз жүгіртеді. Өте мұқият. Осылай жүргеніне екі сағат болды. Қаладан бірер шақырым өзеннің бойында не іздеп жүр? Бәлкім, бір нәрсесін жоғалтып алған болар. Мен оның әрекетіне қызығып, аулап отырған балығымды тастадым да, оның қасына бардым. Жерге жүрелеп отырған ол менің аяқ дауысымнан басын көтерді. Сегіз жастар шамасы. Әдемі көздерінен өз балалық шағына сай келе бермейтін біртүрлі аяныш менмұндалап тұр. Ақ көйлегі де кір болып кеткен. Шашын да өзі буып алған сияқты. Ретсіз. Бірақ сүйкімді. Ол маған үнсіз қарап тұр. - Балақай, не іздеп жүрсің? Менің мейірімді жүзім оған жылылық бағыштаған: - Мен тас гүлін іздеп жүрмін. - Тас гүлі? - Иә, тастың үстіне ашылған гүл. Бұл сөзді естігеннен кейін: «Қыздың ақыл-есі дұрыс па?» деген ой келді маған. Жұмысымды қойып келгеніме өкінгендей болдым. - Саған тас гүл ашады деп кім айтты? Сені алдаған екен, – дедім. - Жоқ. Шешем айтқан, – деп ол ақталып жатыр. Шешесі алдаған екен. Сәл үнсіздіктен кейін өзінше жағдайын түсіндіре бастады. - Әкем мен шешем күнде соғысады. Кейде бір-біріне қол жұмсайтын. Нағашыларым, нағашы апайларым көп ақыл айтты. Шешем үнемі маған тас гүл ашқанда, атқа мүйіз шыққанда барып жақсы болатын шығармыз дейді. Мен бұл сөзді естіп, аңырып қалдым. - Гүлді іздегеніме бірнеше күн болды. Еш жерден таба алмадым, - деді. Оның бала жүзінен қайғы лебі есіп тұр. Кенет: - Ағай, сіз біздің қалаға не істеп келдіңіз? Сіздер жақта тас гүлі бар ма? – деп сұрады ол. Оның көздерінен үміт оты ұшқындап кетті. Өзегімді ащы бір күй кернеп кетті. Енді оған қалай жауап берсем екен?

Massaget.kz
29 сәуір 2019 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930