
Қызыл кітапқа енген жабайы құстар еркін жіберілді
Маңғыстау облысында халықаралық Қызыл кітапқа енген жабайы құстар табиғатқа жіберілді. Абу-Даби тәлімбақтарында өсірілген 600 дуадақ Қазақстанға ұшақпен жеткізілді. Аталған шара екі ел арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асып отыр. «Мақсат – сирек кездесетін дала құстарының популяциясын сақтау»,...












