Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бауырға пайдалы 5 тағам

Бауырға пайдалы 5 тағам

ÐаÑÑÑÒа Ð¿Ð°Ð¹Ð´Ð°Ð»Ñ 5 ÑаÒам

Бауыр жасушаларының 75%-ы бұзылса да, қалпына келе алады. Ал арнайы диета бұл процесті жылдамдатады. Бауырға пайдалы азық-түліктері бар 5 тағамды ұсынамыз. 1. Массагеттен мәзір: "Рататуй" Бұл француз тағамы толықтай көкөністерден тұрады. Ал олар бауырдан улы заттарды шығаруға көмектесетін жасұнықтардан (клетчатка) тұрады. Рататуйдің бір жақсысы, кез келген мерзімдік көкөністерді кез келген қатынаста дайындай беруге болады.   2. Массагеттен мәзір: Жеміс салаты Балғын жемістер бауырға көкөністер секілді жақсы әсер береді. Салатты табиғи йогуртпен араластырған жөн. Сүт қышқылды өнімдер ағзадағы зиянды заттарды шығаруға көмектеседі. 3. Массагеттен мәзір: Крем-сорпа Көкөністі, вегетариандық және крем-сорпалар – бауырға деген ауыртпалықты түсіріп, оның қалпына келуіне көмектеседі. Алайда, дәрігерлер бауыр ауруы кезінде саңырауқұлақ сорпасынан, көк сорпа және жасыл борщтан бас тартуды ұсынады.  4. Балмен қыздырылып пісірілген алма Бал өттің өңделуіне ықпал етеді және бауырдың зақымдалған жасушаларын қалпына келтіруге көмектеседі. Ал алма уыттарды шығарады. Бұл тағамға грек жаңғағын себіңіз. Себебі олар бауырға қажетті майлы қышқылға бай.  5. Сұлы жармасы ботқасы Сұлы жармасы ботқасы бауырды жақсы тазартады, ал оған өрік, бал, жаңғақтар мен алма қоссаңыз, пайдалы заттардан құралған керемет тағам шығады. Оны сүтте қайнатыңыз, ақуызды өнімдер органның қалпына келуіне қажет. 

Massaget.kz
18 наурыз 2019 ж. 1 932 0