Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арықтау үшін қалай ашыққан дұрыс?

Арықтау үшін қалай ашыққан дұрыс?


Аптасына үш күнге дейін ашығу дені сау адамға зиян емес, деп жазады Baribar.kz Егер адам аптасына үш күнге дейін ашыға алса және оның еш жері ауырмаса, онда ағзаға зиян емес. Тек міндетті түрде су ішуі керек, құрғақ ашығуға болмайды. Су ішкенде адам ағзасындағы қалдықтар шығады. Сонымен бірге артық салмақтан арылуы мүмкін. Бірақ ашығу кезінде ең бірінші тазару процесі жүреді.
Әйгерім Зейнелқызы – Эндокринолог:
«Ескеретін нәрсе: ашыққысы келген адам созылмалы аурумен ауырмауы керек. Асқазанында жарасы барлар да ашықпағаны дұрыс. Ашығу тек денсаулығы қалыпты, еш жері ауырмайтын адамдарға пайдалы.
Әуелі тәжірибе жүзінде бір күн ғана ашығып көріңіз. Бас ауруы, әлсіздік байқалмаса, екінші аптада екі күн, үшінші аптада үш күн ашығыңыз. Бірден үш күн ашықпай, біртіндеп қосып отырыңыз», – дейді дәрігер.
18 наурыз 2019 ж. 1 622 0