Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰЙЫҚ БАЛАМЕН ТІЛ ТАБЫСУ ЖОЛДАРЫ

ТҰЙЫҚ БАЛАМЕН ТІЛ ТАБЫСУ ЖОЛДАРЫ




Тұйық баламен тіл табысудың 10 тәсілі 

1. ОНЫҢ ЖЕКЕ АУМАҒЫ БОЛУЫ КЕРЕК. Баланың жалғыз қалып қуаттануына кедергі келтірмеңіз. Жеке бөлмесі болғаны дұрыс. Егер ондай мүмкіндік болмаса ең болмаса сәбидің өзінің демалатын, жұмыс істейтін бұрышы болуын қадағалаңыз. 
2. МАЗАСЫН АЛМАҢЫЗ. Ол жұмыс істеп жатқанда кедергі келтірмеңіз. Алдын ала келісіп алыңыздар. Оның бөлмесінің есігіне «Кедергі келтірмеңдер» деп жазып қоюға болады. Міне, осындайда ол өзін қауіпсіз сезінеді. Не болмаса кірпіш белгісін қоюға болады. Өздеріңіз де тұйық болсаңыздар бұл қуантарлық жағдай. Ал, балаңызға ұқсамаған, ашық, көңілді адам болсаңыздар сәбиіңізге түсіністікпен қараған жөн. 
3. ҚОРҒАН БОЛЫҢЫЗ. Әрине, балалар алаңында, мектепте балаңызды жеке дара ұстау мүмкін емес. Дегенмен ол өзінің қорғаушысы барын сезінуі керек. Егер абайсызда оған біреу тиіссе ол тез жылап қалады, не болмаса оған қарсы шығып, оны ұрып жіберуі де ықтимал. Мұндай кезде сіз балаңызды қорғап қалыңыз. Оның мінезіндегі ерекшеліктері туралы мұғаліміне есерткеніңіз жөн. 
4. ОЙЛАНУҒА УАҚЫТ БЕРІҢІЗ. Ұстазымен сөйлесіңіз. Өйткені интроверттер біліп тұрса да жауап бере алмауы мүмкін. Мұғалім балаңыздың білімін тексеру үшін жазбаша түрде тапсырмалар бергені дұрыс. Сондай-ақ ойлануына кедергі келтірмегені жөн. 
5. ОЙЫНҒА АРАЛАСУ ҮШІН ӨЗІНЕ МҮМКІНДІК БЕРІҢІЗ. Сәбиіңіздің өзге балаларға тез қосылуын талап етпеңіз. Сыртынан бақылатыңыз, ойынның шартын, ережесін түсінген соң ол өзі ақ көпшілікке қосылып кетеді. 
6. МЕРЕКЕ, МЕРЕКЕ! Әлбетте әрбір ата-ана баласының мектептегі қойылымдарда басты рөлді сомдағанын, үйдегі отырыстарда тақпақ айтып, пианинода ойнағанын қалайды. Ал интроверт бала мұндай кезде қатты қысылып, қойылым ортасында сақынадан қашып кетуі мүмкін. Үйде болса бөлмесіне тығылып қалуы да ықтимал. Сондықтан оны көпшілік алдына шығуға күштеп итермелемеген жөн. 
7. ДЕМАЛЫС ЖАРИЯЛАҢЫЗ. Егер сіз балаңыздың жиын, той кезінде шудан шаршағанын байқасаңыз оны тез арада жеке бөлмеге алып кетіңіз. Не болмаса таза ауаға алып шығыңыз. Осылайша оның өз-өзіне келуіне көмектесесіз. Кейінірек ол жиынға қайта келуге қарсы болмайды. 
8. ҚЫЗЫҚТАРДЫ АЗ-АЗДАН ҰСЫНЫҢЫЗ. Интроверт бала бір күнде бірнеше оқиғаны бастан кешіре алмайды. Сондықтан қыдырудың өзін алдын-ала жоспарлап алыңыздар. Балаңыздың шаршамауы үшін жағдай жасағаныңыз жөн. 9. АСЫҚПАҢЫЗ! Тұйық баланы асықтыруға болмайды. Көрген білгенін сұрап есін шығармаңыз. Уақыты жеткенде ол өзі ақ бәрін айтып береді. 
10. АЙТЫЛҒАН СӨЗ, АТЫЛҒАН ОҚПЕН ТЕҢ. Тұйық балалар өз қатарластарына қарағанда ұялшақ келеді. Айналасындағылардың жеңіл қалжыңдарының өзі оның көңіліне қаяу түсіреді. Сондықтан сәбиіңізді өзге балалармен салыстырып оның шамына тимеңіз.
http://reactor.inform.kz
11 наурыз 2019 ж. 1 632 0